Сенім телефоны
601920
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Балаға арналған ұялы телефон: қолдау және қарсы болу
  Ұялы телефон – өте пайдалы және керек зат.Қазір оны барлығы дерлік сатып ала алады және адамдардың көбі оны қолданады. Балаға мектепке ұялы телефон беру қажет пе?Өзімізге не үшін деген сұрақты қойып, оған дұрыс жауап беруге болады?Өз материалдық мүмкіндіктерін көрсету үшін ғана болса – бұны істеу керек емес. «Қарсы болу» үшін аргументтер «Қолдау» үшін аргументтер Біріншіден,  бұл басқа сыныптастарда қызығу сезімін тудыра алады, өйткені олардың ата-аналары осындай қымбат «ойыншықты» сатып ала алмайды. Екіншіден, өз балаңыз туралы ойлаңыз – ол  қылмыстық бейімі бар адамдардың назарына түсуі мүмкін, олар  қорғансыз баладан  ұялы телефонды  тартып алуға  қорықпайды. Үшіншіден, барлық ұялы телефондардың  сәуле шығаруыадам ағзасына қауіпсіз екені туралы жетекші өндірушілердің  айтуына қарамастан осындай қауіп бар. Сонымен қатар, осы жағдайда телефон аппараты  - бұл  қосымша  көңіл аудару  факторы. Қымбат ойыншық  сіздің балаңыздың және сыныптастардың да көңілін оқудан  аударады.  Ол  ондағы ойындарды ойнап, музыка тыңдап, СМС-тер жібереді.   Ал егер сіз...
Бейбітшіл атом әр үйге
  «Бейбітшіл атом әр үйге» - осы ұраны бүгін «қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар әр үйге» өзгертілді.Қазір компьютерлер байлықтың белгісі емес, бірінші қажеттілік заты болып табылады.Бірақ әрдайым емес бейбітшіл.» -компьютерлік және  интернет тәуелдігі туралы, біз бұрын білмеген проблема туралы  бір мақала осылай басталады және мамандардың болжауы бойынша «21 ғасырдың обасы» болады.  Соңғы уақытқа дейін  компьютерлік және интернет тәуелдігінің проблемасы  ең алдымен батыс елдерінде болған, бірақ қазіргі уақытта осы тақырыптар біздің елде де өзекті болып келе жатыр.  Әсіресе білім берудің  бүкіл саласын  глобалды ақпараттандыруды қарастырған  қазіргі кезгі мемлекеттік саясатына байланысты. Бұл не деген тәуелділіктің  жаңа формалары,олармен байланысты қауіп неде?   Бұны ұғуға тырысайық. Біздің балаларымыз Интернетте қарым-қатынас жасаумен және компьютерлік ойындармен неге оңай елігіп кетеді? Компьютерлік тәуелдіктің пайда болу себептері: 1. Ең біріншісі және ең бастысы – баланың өзін-өзі бақылау дағдыларының жоқ болуы. 2. Бала еңбек етуге, жұмысты көруге және оны орындауға үйретілмеген. 3. Бала басқалармен әрекеттесуге, кеңес алмасуға, яғни басқаларды  тыңдауға  және ең бастысы ...
Өз балаңызбен қарым-қатынасты бұзудың 5 тәсілі
  1.  Бұйырыңдар және басқарыңдар! «Дәл қазір қой!», «Тез барлығын жина!», «Аузыңды жап,  осындайыңды тағы да естімейін!».Осы сөздерде  бала  оның проблемаларын тыңдағысы келмейтінін, оның  дербестілігіне  құрмет көрсетпеуін сезінеді.  Әдетінше жауап ретінде балалар қарсылық көсетеді, «бұрқылдайды»,  ренжиді, қыңырлық көрсетеді.   2. Қорқытыңдар!    «Байқа, одан әрі жаман болуы мүмкін», «Тағы да қайталанса, қайыс белдігімді аламын», «Уақытында келмесең, өзіңнен көр».Егер бала уайымдап жүріп, жағымсыз жағдайда болса, қорқытулар пайдасыз. Олар оны одан да күйзеліс жағдайға ұшыратады.  Қорқытулар, ескертулер жиі болғанда  балалар оған үйреніп,  оларды  тыңдамайды.     3. Үйретіңдер! Сен өзіңді дұрыс ұстауың керек», «Сен үлкендерді құрметтеуің керек», және т.б.Әдетінше балалар бұндай сөздерден ештеңе жаңаны білмейді.Оны «жүзінші рет» естігеннен ештеге өзгермейді. Олар тек сыртқы беделдің қысымын, кейде кінәні, кейде  зерігуді сезінеді, ал жиі барлығын бірге. Моральдік қағидалар және  адамгершілік мінез-құлық  балаларда  көбінесе сөздермен емес,  үйдегі жағдаймен тәрбиеленеді,...
Дау-жанжалдарды қалай шешу
  Дау-жанжалдарды  шешудің бірінші  тәсілі. Өз шешімінде  тұру. 1.       дау-жанжалды  шешудің  бірінші  конструктивтік еместәсілі: «Ата-ана жеңеді».Өздері оны байқамай мінез-құлықтың күдікті үлгісін көрсетеді: «басқалардың  тілектерін ойламай, үнемі өзіңдікіне жет». Балалар соны жасауды тез үйренеді, олар үлкендер берген сабақты қайтарады десек те болады, ал сосын дау-жанжалдар басталады. 2.       осы тәсілдің басқа түрі:  жұмсақ, бірақ табандылықпен балаға өзіндікін жасатқызу. Егер осы үнемі болып тұрса,  бала басқа ережені  игереді : «Менің жеке-басы  қызығушылықтарым есептелінбейді,  ата-ана тілейтінді немесе талап ететінді бәрібір жасау керек». 3.      балалар үнемі жеңіледі.Әдетте  бұл балалар агрессивті немесе  өте пассивті болып өседі. Дау-жанжалдарды  шешудің екінші  тәсілі. Татулық сақтай отырып, көну.    1.      дау-жанжалды  шешудің  екінші конструктивтік емес  тәсілі: «Тек бала ғана жеңеді».Осы жағдайларда балалар өзімшіл, тәртіпке үйренбеген,  өзін ұйымдастыра алмайтын болып өседі. 2.     ...
Жасөспірімдердің ата-аналарына арналған 10 кеңес
  Жасөспірімдік  жаста балалар өз ата-аналарының өмірін бағалай бастайды.Анасының және әкесінің мінез-құлығын, әрекеттерін, сыртқы түрін   талқылайды. Және үнемі салыстырады. Осы салыстырулардың нәтижесі  ұлыңыз немесе қызыңызбен қарым-қатынасқа әсер етеді.Ол сізге жағымды немесе жағымды емес болуы мүмкін.  1 кеңес •Егер ұятқа  қалғыңыз келмесе осы бағалауға  ертерек дайындалыңыз.  Баламен қарым-қатынастағы ең бастысы - өзара түсінушілік.  Оны орнату үшін  сіздер  ынта білдіру және ренішті жасырмау керексіз. 2 кеңес • Балада  өзіне, өз күшіне  сенушілікті қолдаңыз, белгілі  кемшіліктер (олар әр адамда бар) болғанымен оларда жақсы жақтары да бар екенін айтыңыз.  3 кеңес •Таң қалдырыңдар – бұл есте сақталады! Күтпеген және қатты әсер қалдырған адам қызық және беделді болады.Ата-ананың өмірі,  олардың көзқарастары, әдеттері ұзақ ақыл беру  әңгімелесулерге қарағанда балаға әсерін көбірек тигізеді. 4 кеңес • Сіздің балаңыз мықты және  дені сау болғанын қалайсыз ба? • Онда өзіңіз біліп, баланы  өз ағзасы туралы, денсаулықты сақтау және оны күшейту туралы  білім негіздеріне  үйретіңіз. 5 кеңес • Баланың да, өздеріңіздің де денсаулықтарыңызды  сақтаңдар,...
Балаға тестілеуді өтуге қалай көмектесу?
  Емтиханды тапсырудың табыстылығы көбінесе ата-ананың оған деген қатынасына байланысты екені құпия емес.Балаларға емтиханға жақсығырақ дайындалуға көмектесу үшін  бірнеше  кеңестерді орындап көріңіз:   Бала  емтиханда алатын  баллдар саны  туралы мазасызданбаңыз. Баллдар  саны  оның  мүмкіндіктерінің  нағыз өлшемі  болып табылмайтыны  туралы ойға сендіріңіз.   Емтихан алдындағы күні баланың  алаңдауын  көтермеңіз – бұл тестілеудің  нәтижесіне  кері  әсерін тигізеді. Бала өзінің жастық ерекшеліктеріне қарай өзінің сезімдерін  ұстай алмай, ызалана алады. Үйде оқуға арналған ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз, үйдегі басқалар  оған  кедергі жасамайтынын  қадағалаңыз. Балаға дайындалу тақырыптарын  күндер бойынша  бөлуге көмектесіңіз. Баланы  емтиханға дайындалу  әдістемесімен  таныстырыңыз. Пән бойынша тест тапсырмаларының  түрлі  нұсқаларын  дайындаңыз және баланы жаттықтырыңыз,  өткені тестілеу балаға қалыпты  жазбаша және ауызша емтихандардан  ерекшеленеді. Тест тапсырмалары бойынша жаттығу кезінде баланы  уақыт туралы ұмытпауға және оны дұрыс бөлуге  үйретіңіз. Егер бала сағат тағыпжүрмесе, емтихаға оған міндетті...
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологтың бес кеңесі
  Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологтың  бес кеңесі     Ата-анаға оның баласы  жақсы оқитын оқушы  болуына  қалай көмектесу?Мүмкін сіздер бірдеңені  олай емес жасап жатырсыздар? Оқу жылының басында өзінің де баланың да өмірін  жеңілдетіп,өз мінез-құлығында бірдеңені  түзету әлі де кеш емес. Осы кезеңде  ата-аналардың басты мақсаты  -  балаға онымен мектепте  не болып жатқанға тек өзі ғана жауапты екенін  бірінші күннен бастап түсіндіріп, дербес жұмыстың тәжібесін беру.  1.      Басынан бастап  баламен сабақты бірге немесе оның орнына жасау керек емес. Ал сосын кешке жұмыстан келген соң бала сабққа әлі де отырмағанына, ол үлкендер үйде болмады деп істемегеніне  таң қалмау керек.Немесе бала сабақта мұғалімнің түсіндірулерін тыңдамағанына. Немінеге? Кешке әкесі бәрібір тағы да түсіндіріп береді. Немесе бір күні осы сөздер естілу мүмкін:  «сен маған бұны түсіндірген жоқсың» немесе «ал сен өзің дұрыс шығарған жоқсың». 2.      Бағалары туралы  сұрақтармен және жазғырулармен баланың мазасын алмауға тырысыңыз. Кешкісін  жұмыстан келіп «Ал сабағыңды істедің бе? Бүгін қандай...
Келешек бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына логопедтің кеңестері
  Мектепке дейінгі жастағы балалардың  тіл дамуында неге назар аудару керек. Дыбысты  айту  жағдайы. Бала алты жасқа қарай барлық дыбыстарды айта білу керек. Фонематикалық үрдістердің  жағдайы. Бұл тарауда  баланың  белгілі дыбыстармен  сөздерді таңдау ептілігі, қарапайым дыбыстық талдау және синтез дағдыларын білу (сөздегі  бірінші және соңғы  дыбыстарды  анықтай білу,  дыбыстардан сөз құра білу, дыбыстар санын санай білу), ба-па-ба, та-ца-та, вы-вы-фы және т.,б. тіркестерді ажырай және  қайталай білу  қарастырылады. Грамматикалық құрылымның жағдайы. Сөз жасауға (дождь-дождик), сөз өзгертуге (стул-стулья), келістіруге (желтый мяч), меңгеруге (вышел из дома, рассказал о друге) назар аудару керек. Сөздің буын  құрылымының жағдайы. Алты жастағы бала келесі сөздерді  қатесіз айта алады: велосипедист, экскурсовод және т.б. Сөз қорының жағдайы. Бүгінгі күнгі ең қиын  тарауларға  назар аудару керек: жыл мезгілдері,  олардың белгілері,  айлар,  апта күндері,  заттар сапалары, туысқандық байланыстар. Байланысты сөйлеудің жағдайы. Келешек  оқушының  сұрақтарға жауап беру,  айтып беру, сюжеттік сурет, бірнеше сурет бойынша әңгіме құру ептіліктеріне  ең басты назар аударылу керек....
Ең үздік 5B сынып
Біздің  сынып әдепті, Бәріне көмек береді. Біздің сынып әрқашан Жетістікке жетеді. Біздің сынып қашанда Алғашқы боп жүреді. Мұғалімдер барлығы Бізді мақтан етеді. Үлкен шаңырақтын астында Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған сынып сағатында біздің сынып оқушылары қызыға жұмбақтармен кроссвордттарды шешті. Тапсырмаларды  Акжолова Айслу және Богдан Дарина дайындады.   Мектебімізде бейбітшілік күніне арналған сынып сағаты өтті. «Бейбітшілік» ұғымы көп мағыналы. Бейбітшілік - ол әлемдік планета, достық қарым-қатынас, келісім, соғыстың болмауы.  Біздің сыныпта «Әлем балаларына бейбітшілік» ұранымен сынып сағаты өтті. Жер бетіндегі бейбітшілікке қалай жету үшін өз ойларымызды жазып, сыныптастарымызға ұшақ-тілектерді жібердік.                    Біздің мектебімізде «Әлемге-татулық» ұранымен қайырымдылық жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеден түскен қаражат әлемнің Павлодар қорына жіберіледі. Жәрмеңкенің қатысушылары арасында біздің сынып та болды.            Сайыс күнделігі. 27 қыркүйек күні Орталық жағада «Ең үздік...
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық
  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы «6» сәуірдегі № 151  бұйрығымен бекітілген   Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды. 2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады. 3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері: 1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру; 2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; 3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады. 4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді. 2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу 5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін: негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау...
2013-2014 оқу жылында ОЖСБ ұйымдастыру және өткізуге арналған іс-шаралар жоспары
  2014-2015 оқу жылында  ОЖСБ ұйымдастыру және өткізуге арналған іс-шаралар жоспары   Мерзімі Алушылар-аудитория Іс-шаралар Мақсат Жауапты Қазан Әкімшілік ОЖСБ  ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты жоспарлау. ОЖСБ дайындық кестесін құру және қосымша сабақтарды өткізу Жоспарлы жұмысты жүргізу. Б.С. Байдильдина, пән  мұғалімдері Қараша Ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты 9- сынып оқушыларының  деректер базасын құру 9-шы сынып оқушыларының   тізімін құру және түзету енгізу. Б.С. Байдильдина Қазан Мұғалімдер ОЖСБ  өткізу және дайындық   мәселелері бойынша кеңестер, практикумдар ОЖСБ өткізу және дайындық  бойынша білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылардың іс-әрекеттерін үйлестіру Әкімшілік Қазан-ақпан Әкімшілік, пән  мұғалімдері Сынау тестін жүргізу Пәндер...
ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулықты орындау туралы ақпарат
  ОЖСБұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулықты орындау туралы ақпарат   Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңының 55 бабына сәйкес орта  білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізіледі. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ міндеттері: 1. Оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингін іске асыру; 2. Оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; 3. Білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын салыстырмалы талдауды жүргізу. ОЖСБөткізу ережелерін сақтауды бақылау Білім және ғылым саласында бақылау бойынша Комитетінің Білім беру саласында бақылау бойынша департаменттері және Министрліктің жіберілетін уәкілетті өкілдері  іске асырады.                                                ОЖСБуәкілетті органдармен бекітілетін кешендік тест, сонымен қатар жазбаша тапсырмалар түрінде қағаз жүзінде де, қазіргі кезгі ақпараттық технологияларды қолданумен де өткізіледі.Тапсырмалар  жалпы білім беру оқу  бағдарламалары  негізінде  әзірленеді, олардың мазмұны  көрсетілген бағдарламалар шегінен шыға алмайды. 9-шы...
2012-2013 оқу жылындағы ОЖСБ-ға дайындау қосымша сабақтардың кестесі
  2012-2013 оқу жылындағы ОЖСБ-ға дайындау  қосымша сабақтардың кестесі    
Спорттық секциялардың жұмыс кестесі
2014-2015 оқу жылына арналған спорттық секциялардың жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
 2016  жылғы 13 мамыр Астана, Үкімет Үйі № 292 «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақ: мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын: «2-2) негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 2-3) жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: 25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының...
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».
31.01.2017 ж. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Құрметті қазақстандықтар! Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз. Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр.  Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам  спортшы мен делегация мүшелері қатысуда. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
  Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
    Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
  Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.   Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің...
Жаңа жыл мерекелерінің өткізу кестесі