Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Мектеп асханасындағы дәмді түстік ас үшін рахмет!
Голосовать
Тағамдарыңыз өте дәмді - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Көңілді жаз

 

"Шаңырақ" жазғы сауықтыру лагеріне қош келдіңіз!

.

Біз лагерьде

демаламыз, ойнаймызІ

Неше түрлі

Қызықтарға тоймаймыз!

Жүгіреміз, секіреміз жарысыпІ

Ән саламыз, би билейміз майысып!

Біздің лагерімізге кел! Біз сені күтеміз!

 

№30 мектепалды жазғы лагерімізге 6-12 жас аралығындағы барлық балаларды шақырамыз!

Мақсаты:.

  • жазғы уақытта оқушылардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру.

Міндеттері: -уақытша ұжымдағы балалардың денсаулығын қалпына келтіру жүйесін жасау; -оқушылардың бойында қарым-қатынас дағдысы мен толеранттықты қалыптастыру; -оқушылар санасында адамгершілік қасиеттері мен мәдени құндылықтарды бекіту; -салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулықтарын нығайту; -балаларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту; -мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ Бағдарлама келесі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

1. Мен және басқалар Жеке тұлғалық ара қатынас: өзіңді таныстыру, басқалармен сөйлесу, ойнау, дос болу немесе дос болудан, сөйлесуден бас тарту. Достық. Далада, көшелерде, қоғамдық орындарда өзіңді дұрыс ұстау. Таныс емес адамдармен тәртіп ережелерін сақтау. Отбасында, достар арасында, туысқандар арасында өзіңді ұстау ережелері. Топта жұмыс істеу ережелері.

2. Гигиеналық ережелер. Дене гигиенасы. Теріні, шашты, тырнақтарды күту. Жеке ерекшеліктеріне сай және де ауа райына байланысты киімдерді және аяқ киімдерді таңдау. Ауыз қуысының гигиенасы. Еңбек және демалу гигиенасы. Күн тәртібі. Демалу жүйесінің және жалпақ табан ауруын алдын-алу.  

3. Жарақаттануды алдын-алу және жеке қауіпсіздік ережелері. Жол жүру ережелері. Даладағы және үйдегі жарақаттану. Жедел жәрдем көрсету. Экстремалдық жағдайдағы тәртіп ережелері.

 4. Тамақтану және денсаулық. Пайдалы тамақтану туралы түсінік беру. Ас қорыту, дәрумендер туралы мәлімет беру. Тамақтану тәртібі мен ережелері. Үстел басында өзін ұстау ережелері.

5. Физикалық дағдыларын қалыптастыру мен дамыту. Ұжымдық спорттық жарыстарды ұйымдастыру. Экскурсияларға шығу.  

КҮН ТӘРТІБІ

9.00 – 9.15 Балаларды қарсы алу.

9.15 – 9.30 Таңғы жаттығу.

9.30 – 9.40 Сап түзу ( күн тәртібін жариялау).

9.40 – 10.00 Таңғы ас.

10.00 – 10.10 Фитобар. Дәрумен қабылдау.

10.10 - 10.30. Сөйлесу минуттары.

10.30 – 13.00 Ойлан! Жаса! Сына! (қызығушылықтар бойынша сабақтар, іс-шараларға дайындалу, ойындар,экскурсиялар).

13.00 - 13.30 Түскі ас.

13.30 - 13.45 Денсаулық жолағы.

13.45 – 15.30 Тыныштық сағаты.

15.30 – 15.40 Шынықтыру шаралары

15.40 – 16.00 Бесіндік

16.00 – 16.50 Отрядтық іс-шаралар.

16.50 – 17.00 Сап түзу (өткен күннің нәтижелері)