Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Отбасы және кітап

Не үшін кітап оқу керек?

Біз қаншалықты көп оқысақ, ойымызға соншалықты көп идея келеді. Алайда идея керек деген сөз, барлығын жаңартып тастау емес. Кітап оқу арқылы біз кей адамдардың тәжірибесіне сүйене отырып, өмірде кездесетін кез келген жағдайға дайын бола аламыз.

Осы мақсатқа сүйене отырып, кітаптағы барлық фактілерді еске сақтап алу міндетті емес екендігін түсіну қажет. Бастысы ондағы айтылар негізі ой мен түйінді түсіну керек. Ал ол кейін өміріңізде кездескен келген жағдайда миыңызды “дайындап” тұрады. Бірақ кітапты толықтай оқыған дұрыс, қысқартылған нұсқада дәл сізге қажетті ақпарат қалып кетуі мүмкін.

 

Жылдамдықты арттырыңыз

Ол үшін мына кеңестерге жүгінгеніңіз абзал:

Жылдам оқудың бірнеше тәсілдері бар. Соның бірі әр абзацтың басын және аяғын оқып, маңызды ақпараттарға (уақыт, атау, сан т.б.) мән беріп өту. Осындай жылдамдықпен оқу кезінде, қорытынды бөлімге әсіресе қатты назар аударыңыз. Бұл тәсіл өте шұғыл жағдайда оқуға көмектеседі. Дегенмен, кітаптың мазмұнына қарай тәсіл пайдаланғаныңыз жөн. Кей мәтіндер тұтастай оқуды талап етеді.

Аудиокітаптарды тыңдаңыз. Бұл тәсіл есту арқылы ақпаратты жақсы есте сақтайтындар үшін өте пайдалы.

Томас Билью: Мен Audible қосымшасын пайдаланамын. Бұл бағдарламаның басқаларынан басты ерекшелігі аудионың жылдамдығын арттыруға немесе азайтуға болады. Мен үшін аудиокітапты әсіресе таңғы уақытта тыңдаған қолайлы.

Тыңдау жылдамдығын бірден арттырмаңыз. Себебі сіз кітапты түсінбей, ақпараттар миыңызда шашырап кетуі мүмкін. Барлығы уақыт өте келе қалыптасады. Алдымен жарты сағат, бір сағат, одан кейін екі сағат және т.с.с. Алайда жиілік заңдылығын ұмытпаңыз. Жиі аудио тыңдамасаңыз, бұл қабілеттің қалыптасуы оңай емес.

Әржердеоқыңыз

Кітапты кез келген жерде оқуға болады. Алайда “кітап ауыр, оны өзіммен алып жүруге сөмкемнен орын табылмайды” десеңіз, аудиокітаптарды әр жерде тыңдауға болатындығын ескеріңіз. Сізде бастысы смартфоныңыз бен құлақабыңыз болса, жеткілікті. Мысалы:

қоғамдық көлікте;

рөлде отырып (авторадиоларды тыңдайтыныңыз анық);

ұшақта;

серуендеп жүргенде;

кезек күтіп тұрғанда;

үйде кез келген іспен айналысыа жатқанда;

Бір саланы жан-жақтан зерттеңіз

Кітаптағы әрбір бөлшекке, әрбір сөзге мән берудің қажеті өте аз. Маңызды идеяны түсініп, ары қарай оқи беріңіз. Бұл сіздің бірден түсіну қабілетіңізді арттырады.

Қандай да бір тақырыпта кең түсініп, мол ақпарат алғыңыз келсе, сол тақырыпқа қатысты бірнеше кітап оқыңыз. Әр автордың өзіндік идеясы бар. Сіз солардың барлығын бірден қабылдап, қорыта алатын боласыз. Әр түрлі көзқарастарды меңгере отыра, өзіндік пікіріңізді қалыптастыратын боласыз. Себебі сіздің миыңызда талдау жүреді. Бұл бір кітапты ұзақ оқып, әр бөлшегіне мән бергенінен гөрі әлдеқайда пайдалырақ.