Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
email: pavlodar18@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Мир көшесі, 11/1
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағ. 9.00-ден сағ. 18.00-ге дейін
Как часто Вы посещаете наш сайт?
Голосовать
часто - 4
очень редко - 2
нечасто - 0
Всего проголосовало: 6
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ КӨП АТЫЛЫП КЕЛЕДІ
ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ КӨП АТЫЛЫП КЕЛЕДІ

Таңертеңгілік жаттығулардың пайдасы  туралы көп атылып келеді. Олар адамның жасына немесе физикалық жүктемесіне қарамастан  барлығына ұсынылады.Ал ең кішкентайларға оның  пайдасы өте мол.

Балаларды ерте жастан таңетеңгі жаттығуларды  үйрету арқылы ата-аналар  болашақта балада  таңертеңгі  гимнастикасын  жасау дағдыға  айналады.

 

 Жаттығулардың пайдасы қандай?

 

Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді.Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бір қалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетке  даярлайды 

Ата-аналарға қарсы көрсетілімдердің бар болуы  немесе жаттығулар жиынтығы туралы  педиатр дәрігермен  кеңесу қажет. Ал жалпы балалар үшін жаттығулар-баланың үйлесімді дамуы үшін қажетті жағдай.

Күн тәртібіне жаттығуларды екі жастан бастап енгізуге болады.  Жаттығуларды күнделікті таңертен орындау керек (бала ауырған уақыттан басқа), бір уақытта: ұйқыдан кейін, аш қарынға, желдетілген бөлмеде.

 Баланың киімі оның қимылына кедергі келтірмеу керек, ең   жақсысы егер жаттығуды шолақ дамбал мен жалаң аяқ  өткізу. Балалар жаттығуында гантельдер немесе салмақ түсіретін заттар болмауы керек. Баланы шаршатпау керек. Жаттығу 5 мин 15 мин жалғасу керек және  оның дене мүсініне, жаттығуларды  дұрыс орындауына  және  тыныс алуына назар аудару керек.

 Жаттығуларды музыкалық сүйемелмен өткізгені дұрыс, жаттығулардың орындалуын дәстүрге айналдыру- ойын түрінде болсын. Сонда жаттығулардың  орындауы балаға  

Бала мұрнымен дұрыс тыныс алуы керек. Осыны дұрыс қадағалау үшін дем шығару кезінде дыбыстармен («с-с-с»; «ш-ш-ш»)жаттығулар енгізілсін.

Баланың қауіпсіздігін бақылау жасау қажет, бірақ оның белсенділігіне шектеу қойылмау керек. Оны көбірек мақтап, өзіне сенімділігін жоғарлату керек.

·        

Жаттығулар:

Бірінші: бас, мойын, иық, қол бұлшық еттеріне.

Екінші: бел, кеуде бұлшық еттеріне.

Үшінші: бөксе, сан, тізе бұлшық еттеріне жасалады. Жаттыулардан соң,көңілді, қызықты, қимылды  ойын ұйымдастырылады.

Ортаңғы топтарда күнделікті таңертеңгі жаттығулар ұйымдастырылады. Таңертеңгі жаттығулар әр айда екі рет ауыстырылады. Бұл жаттығулардан кейін негізгі  қимылды дамытатын жаттығулар ұйымдастырылады. Орындалатын жаттығулар- рет қайталанылады. Ең  соңында жаттығулардан кейін көңілді ,қызықты, қимылды ойын ұйымдастырылады.

Ересектер топтарында таңертеңгілік жаттығулар алдыңғы топтағыдай арнайы жүйемен орындалады.  Орындалатын әрбір жаттығулар  5-6 рет қайталанылады.

Даярлық топтың таңертеңгілік жаттығуының ұзақтығы 10-12 минут жүргізіледі. Жаттығуды алдымен бас жаттығуынан бастап, содан кейін қолға, иыққа, белге, аяққа жасалады.

Қол, дене, аяққа арналған жалпы дамыту жаттығулары:

Ересектердің көрсетуі мен ауызша айтыуна сәйкес дене жаттығуларын орындау, гимнастикалық атрибуттарды (жалауша, шар, сақина, гантель және т.б) қолдануға үйрету.

 

 

 

Негізі қимылдар:

Бір уақытта үш негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.

Жүру және жүгіру:

Топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүкірумен алмастырып және керісінше (тәрбиешінің соңынан), бағытты өзгертіп, шашырап, заттарды айналып өтіп, алға қарай қырындап жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Жіптен, қырлы бөренеден көбектен атттап жүру. Топқа бөлініп және бүкіл топпен түзу бағытта, әр түрлі бағытта (бірін-бірі итермей ), бірінің соңынан бірі, бірқатармен тәрбиешінің соңынан жүгіру.

Таңертеңгілік гимнастика бала ағзасын белсенді етуге,жұмыс қабілеттілігін жоғарлатуға, тұлғаның дұрыс түзулігін қалыптастыруға бағытталады.  Оның амалдары: қарапайым түрдегі жаттығулар, су процедурасы, шынығу, массаж. Таңертеңгілік гимнастиканың  ұзақтығы 2-4 жасқа дейінгі балалрға 5-6 минут, 4-5 жасқа дейінгі баларға 6-7 минут, 5-6 жас баларға 8-10 минут 6 жастағы баларға 10-12 минут созылады. Таңертеңгілік гимнастиканың құрылымы мынандай болуы мүмкін: жүру,жүгіру жаттығулары, қол және иық жаттығулары, кеуде, арқа іш еттеріне арналған жаттығулар, қысқа жүгіру және ағзаны қалпына келтіретін жүру жаттығулары. Таңертеңгілік гимнастикалық жаттығулары баларды жалықтырып жібермеу үшін 7-10 күнде жаттығулар кешені 2-3 жаңа жаттығулар кіргізіп отырған дұрыс болады.

Қорыта айтқанда балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі- баларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайдағы баларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысы мен үйлесуі пісіп, жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар.