Қазіргі уақытта денсаулығын сақтау технологиялары логопедтің жұмысында сөйлеуі бұзылған баланың түзету-дамыту құралдары ретінде қолдананылады. Денсаулықты сақтау технологиялары баланың сөйлеуін түзетуге және баланың денсаулығын сауықтыруға көмегін тигізеді.
Өзімнің тәжірибемде дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерді қолданамын:артикуляциялық гимнастика, биоэнергопластика, тыныс алу гимнастикасы және саусақтар гимнастикасы , массаж, Су-Джок терапиясы , көзге арналған гимнастика .
Дыбыстарда дұрыс айту артикуляциялық аппаратының жұмысын жақсартады. Артикуляциялық органдардың дұрыс қимыл-қозғалысы артикуляциялық гимнастикасын дәстүрлі түрде қолданып қана қоймай, ойын түрінде өткізуі балаларға жақсы эмоциялар тудырады. Балалар қасықтармен тілдің жоғары көтеріп, ерінге массаж жасайды.
Өзімнің коррекциялық жұмыстарымда логопедтік массаж жасаймын және өзіне-өзі массаж жасауды үйретемін. Өзіне массаж жасау артикуляциялық бұлшық ет тонусын жақсартады және артукуляциялық қимылдарды дұрыс қалыптастырады. Тілдің биологиялық белсенді зоналарды түзету барысында автоматты түрде биологиялық нүктелер де ынталанады. Қимыл кезінде балада жайсыздық сеземі болмау керек, керісінше өзіне –өзі массаж кезінде рақаттану керек.
Дыбыстырды қоюға артикуляциялық аппаратын дайындау кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қол мен тілдін өзара байланысы- биоэнергопластика әдісін қолданамын. Бұл әдіс балалардың дыбыстық ақауларын түзетуде тиімділігін көрсетті. Қол мен артикуляциялық аппараттың қозғалысына бағытталады, себебі, ағзаның табиғи биоэнергиясын таратуға мүмкіндік береді.Балада иілімділігі, бостандық сезімі қалыптасып, ағзаның жағдайы жақсарып, қан айналымы жақсарады. Өзіне деген сенімділігін, өз ойын және айналадағы ортаға жеткізіп, көрсете білу сияқты тұлғалық қасиеттердіқалыптастырады. Балалар үлкн қызығушылықпен жаттығулар орындайды «Бір стақан судағы сұрапыл», «Сабын көпіршігі», « Шамды үрле», «Қолғаптан қар ұшқынына үрле». Дәстүрлі емес әдістер өте қарапайым, көп қаражатты қажет етпейді, қайшылықтары жоқ, ал баламен жеке жұмыстары жақсы нәтижелерін береді.
Жоғарыда аталған әдістердің көмегі:
- ағзадағы бұлшық еттің тонусын қалпына келтіреді.
- тілдік қызметің белсендетеді.
- жұмыс қабілеттілігін жоғарлатады
- соматикалық жағдайын жақсартады.
Дене шынықтыру мұғалімі бірлескен балалардың денсаулығын нығайту жұмыстар нәтижесін береді. Даярлық тобында «Қысқы орманға саяхат» ашық сабағын өткіздім, оның мақсаты балаларды сауықтыру бойынша интеграциялық әдістердің мүмкіндіктерін көрсету болды. Балалар сабақта «Қыс», «Жабайы андар»тақырыбы бойынша сөздік қорын кеңейтті, тәуелдік сын есімі мен етістіктерді тәжірибе қолданудың тәсілдерін бекіте түсті. Есту-сөйлеу ырғағын, мұрын және ауызбен тыныс алуды дамытты, өзіндік массаждар және логоритмикалық жаттығулар жасады.
Денсаулықты сақтау технологияларының дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістері өзінің қол жетімділі, тиімді екенін көрсетті, оны логопедиялық тәжірибеде белсенді қолдануға болады.