Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бірінші Президент кабинеті

Бірінші президент кабинеті

1991 жылғы 1 желтоқсан күні біздің еліміздің президентінің бірінші сайлауы өтті. Бұл оқиғаның тарихи маңызы бар. Бірінші рет қазақстандық халық елбасын таңдады. Елдің бірінші президентінің кабинеті қазіргі кезгі талаптарға сай болу керек. Кабинет тарих немесе құқық кабинетінде құрылу керек деген болжау жасалды, сондықтан Президент жолдауларын, біздің еліміздің іс-әрекетінің негізгі бағыттарын, бейбітшіл сыртқы саясатты насихаттау бойынша оқу орнының жұмысының орталығы болу керек. Кабинет Отанның патриотын, елдің азаматын тәрбиелеуге, оқушының тұлғасын қалыптастыруға көмектесу керек.

Бірінші Президент кабинетінің басты қызметі: Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуында Президенттің қосқан үлесін, елдің дамуындағы оның ролін насихаттауды қамтамасыз ету.

Бірінші Президент кабинетін дамыту концепциясының мақсаттары және міндеттері

Мақсат: - Президент іс-әрекетімен, біздің еліміздің негізгі жетістіктерімен оқушылардың жүйелі түрде және толық танысуы үшін жағдайлар жасау.

Міндеттер:

1. кабинетті қазіргі кезгі талаптарға сай жабдықтау;

2. кабинеттің ғылыми-әдістемелік, дидактикалық және материалдық-техникалық базасын жетілдіру;

3. түлектерде елдің саяси өміріне қызығушылықты қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

4. кабинетте кәсіптік бағдарлау жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

5. оқушылардың креативті қабілеттіктерін дамыту;

6. елдің патриотын, белсенді азаматтық ұстанымы бар түлекті тәрбиелеу бойынша кабинет іс-әрекетінің саласын кеңейту.

Біздің мектептің бірінші Президент кабинетінде...