Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлы даланың тарихи тұлғасы – Сұлтанбет Баһадүр сұлтан

22 қаңтар күні біздің мектебімізде "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында «Ұлы даланың тарихи тұлғасы – Сұлтанбет Баһадүр сұлтан» атты қалалық Тарих сабағы өтті. Бұл Тарих сабағы биылғы 2020 жылы Сұлтанбет сұлтанның 310-жылдығын атап өтудің бастамасы болып табылады.
Аталмыш іс-шараға соғыс және еңбек ардагерлерінің Павлодар қалалық кеңесі, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, облыстық және қалалық «Рухани жаңғыру» филиалының өкілдері, ПМПУ-нің "Margulan Centre", «Сұлтанбет Сұлтан» қоғамдық қоры және тб қатысты. «Сұлтанбет Баһадүр сұлтан» кітабының құрастырушы-авторлары Ж.Ж.Камзин, В.А.Сирик және А.К.Байғабылова қызықты, тарихи ақпаратпен бөлісті. Е.Жалецкая, Е.Карамышев, Э.Течина және Л.Есенко Сұлтанбет Баһадүрге арналған өлеңдерін мәнерлеп берді. Өткізіліп жатқан шараның халықаралық маңызы туралы Ресейдің Невель қаласы мектеп-гимназиясынан, Украинаның Харьков қаласы қазақтарының қоғамдық бірлестігінен, Алматы қаласының Еуразиялық мәдениет қорының төрағасы Е.М. Канапьяновтан мектеп атына және қатысушыларға жолдаған құттықтау жеделхаттары оқылды. Сұлтанбет туралы түсірілген деректі бейнефильм көрсетілді. Ж. Аймауытов атындағы театр әртістері Н.Сарқамбаев және Р.Нығмановтың орындауында театрланған қойылымын ұсынды.
Бұл өткізілген іс-шара қатысушылары мен қонақтарына «Сұлтанбет Сұлтан» қоғамдық қоры атынан "Сұлтанбет Баһадүр сұлтан" кітаптың 2 томы сыйға тартылып, кітап авторлары оқырмандарға осы алған құнды ақпараттарымен бөлісіп, еліміздің өткен тарихын ұмытпай, болашақ ұрпақты тәрбиелуге барлығымыз бір адамдай үлес қосамыз – деп үміт артты. Бұл іс-шара «Атамекен» өлеңін орындауымен аяқталды.


Фильмдар:

Сұлтанбет Сұлтан Арпалысқа толы ғұмар

Султанбет Султан: Жизнь, полная сражений

Правитель Прииртышья