Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Дау-жанжалдарды қалай шешу

 

Дау-жанжалдарды  шешудің бірінші  тәсілі.

Өз шешімінде  тұру.

1.       дау-жанжалды  шешудің  бірінші  конструктивтік еместәсілі: «Ата-ана жеңеді».Өздері оны байқамай мінез-құлықтың күдікті үлгісін көрсетеді: «басқалардың  тілектерін ойламай, үнемі өзіңдікіне жет». Балалар соны жасауды тез үйренеді, олар үлкендер берген сабақты қайтарады десек те болады, ал сосын дау-жанжалдар басталады.

2.       осы тәсілдің басқа түрі:  жұмсақ, бірақ табандылықпен балаға өзіндікін жасатқызу. Егер осы үнемі болып тұрса,  бала басқа ережені  игереді : «Менің жеке-басы  қызығушылықтарым есептелінбейді,  ата-ана тілейтінді немесе талап ететінді бәрібір жасау керек».

3.      балалар үнемі жеңіледі.Әдетте  бұл балалар агрессивті немесе  өте пассивті болып өседі.

Дау-жанжалдарды  шешудің екінші  тәсілі.

Татулық сақтай отырып, көну.   

1.      дау-жанжалды  шешудің  екінші конструктивтік емес  тәсілі: «Тек бала ғана жеңеді».Осы жағдайларда балалар өзімшіл, тәртіпке үйренбеген,  өзін ұйымдастыра алмайтын болып өседі.

2.      айналадағыларға қойған өздерінің  аса жоғары  талаптарымен және басқалармен тіл табыса білмеуімен  олар жалғыз болып қалады.Жиі мысқылды және шеттетуді  кездестіреді.

3.      осындай отбасыда өз баласымен және өз тағдырымен  қанағаттанбаушылық жиналады.Қартайғанда «үнемі көнетін» үлкендер  жиі  жалғыз және ешкімге керек емес болып қалады.

Дау-жанжалдарды  шешудің үшінші  тәсілі.

Конструктивті: «Екі жақ та жеңеді: ата-ана да, бала да».

 Шешу жолдары:

1.      Дау-жанжал жағдайды  анықтау.

2.      Ұсыныстар жинау (критикасыз).

3.      Ұсыныстарды бағалау және ең тиімдісін  таңдау.

4.      Шешімді нақтылау (түрлі дәлдеулер).

5.      Шешімді орындау, тексеру.