Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сабақты өздігінен талдау сызбасы

1. Сыныптың мінездемесі.
А) Өзара жеке қарым-қатынас құрылым мәселелері қарастырылады: көшбасшы,аутсайдерлер; топтың бар болуы, оның құрамы;жеке өзара қарым-қатынас құрылымының және сыныптың ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасы

Б) Одан соң оқушылардың биологиялық даму кемшіліктерін сипаттау қажет: көру мен есту кемшіліктері; жүйке жұмысының ерекшеліктері(қоздыруы немесе тежеуі); патологиялық кемшіліктер 

В) Содан кейін психика дамуының кемшіліктеріне сипаттама беру керек: ұжымның интеллектуалды аясының баяу дамуы; жеке оқушылардың еркіндік аясының баяу дамуы;тұлғаның эмоционалды аясының баяу дамуы.Одан кейін психика қасиеттерінің дамуына сипаттама беру: танымдық қызығушылықтың болмауы, білімді қажет ететін, тұлғаның өзі,мұғалімі,отбасы,ұжымы қарым-қатынасындағы кемшіліктер.    

Г) Сынып оқушылардың дайындық кемшіліктерін талдау қарастырылады: білім және іскерлігіндегі тудыратын мәселелер; оқу еңбек дағдыларындағы тудыратын мәселелер; әдеттеріндегі және тәртіп мәдениетілігіндегі кемшіліктер.

Д) Мектептің дидактикалық және тәрбиелік ықпал жасаудың кемшіліктері,содан кейін отбасының,құрбы-құрдастарының,мектептен тыс ортаның әсер ету кемшіліктері қарастырылады.

2.Одан соң сабақтың сыртқы байланысына талдау жасалады: берілген сабақтың орны мен рөлі анықталады; өткен және өтетін сабақтардың байланысы.

3. Оқушы ұжымының өзгешелігін негізге ала отырып, білім мен  іскерлігінде нені білу, сынып мінездемесін тірек етіп сипаттау; оқушыларға қандай тәрбиелік әсер тигізу, қасиеттердің қайсысын бастау, жалғастыру, аяқтау және дамыту.

4. Сабақтың (жоспардың) сипаты: оқу материалының мазмұны не береді?:оқушылар оны қалай меңгеріп алады, яғни танымдық жұмысын ұйымдастырудың әдістері қандай?;материалдың қанша бөлігін дербес меңгереді, ал материалдың қанша бөлігіне мұғалімнің көмегі қажет етеді; нені есте сақтау қажет;өткен материалдан нені қайталау қажет және жаңа материалды меңгеруде неге сүйену керек;жаңа алған білімін қалай бекіту керек; қайсысы қызықты, әрі жеңіл, ал қайсысы қиынға соқтырады; сабақтағы тәрбиелік және дамытушылық міндеттері қалайша орындалуы керек.     

5.Сабақ қалай құрылған? Сабақ кезеңдерін сипаттау, сабақ барысына және соңғы нәтиженің қалыптасуына оң немесе кері әсер еткен оқу-тәрбиелік кездерін белгілеу.

6.Өзін-өзі талдаудың құрылымдық аспекті: мұғалімнің ойы бойынша сабақтың соңғы нәтиже қалыптасуына  аса оң немесе аса кері әсер еткен кезеңдерін толық талдауы;осы міндеттері, мазмұны,әдістер қолдану кездері шеңберіндегі сәйкес талдауы (таңдаудың тиімді дәлелі) 

7.Талдаудың функционалды аспекті: сабақтың құрылымы алға қойылған мақсаты және сынып ұжымның  мүмкіндіктеріне қанша сәйкес екендігі анықталады.Мұғалім және оқушы жұмысындағы  аса сәтті және сәтсіз кездері белгіленеді.  

8. Сабақтың соңғы нәтижесін бағалау:оқушылардың сабақта алған білімнің, іскерлік пен дағдыларының сапасын бағалау,алға қойылған міндеттерінің және сабақта алған соңғы нәтижесінің арасындағы үйлеспеушілігін анықтау. Үйлеспеушіліктің себебі; сабақтың тәрбиелік және дамытушылық міндеттері жетістіктерін бағалау; сабақты  қорытындылау және өзін-өзі бағалау.