Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Ата-аналарға кеңес: Балалардың емтиханға дайындалуына қандай көмек көрсету керек.

Ата-аналарға кеңес: Балалардың емтиханға дайындалуына қандай көмек көрсету керек.   

Балаңыздың емтиханда алған ұпайлар саны жөнінде уайымдамаңыз. Емтиханнан кейін сынға алмаңыз. Ұпайлар саны мүмкіндіктің шегі болмайтындығын айтыңыз. Емтихан алдында баланың алаңдаушылығын көтермеңіз, өйткені тестілеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін.

Ата-анасының қобалжуы да әсер етеді. Балаңызға дем беріп, жақсы орындаған істері үшін мақтаңыз.

Өзіне деген сенімін артыңыз. Егер бала сәтсіздіктен қорықса, қателер жіберу мүмкін.  

Баланың денсаулығына көңіл бөліңіз, денсаулықтың нашарлағанын көретін және оның алдын алатын сіз ғана. 

Баланың дайындық режимін қадағалаңыз. Одан артық уақыт жұмсалмауы керек.

Сабақ оқу үшін үйдегі адамдар бөгет жасамайтын, ыңғайлы орын қамтамасыз етілу қажет.

Баланың тамақтануына көңіл бөліңіз.Оған түрлі тамақ пен дәрумендер жиынтығы қажет. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага т.с.с. тағамдар бас миының жұмысын ынталандырады. 

Емтиханның дайындық әдістемесімен таныстырыңыз. Бәрін жаттау қажеті жоқ. Тек қана материалдың ойын және логикасын білген жөн. Жоспар бойынша реттелген материалдарды қысқа сызбалар және кестелер түрінде жасаған дұрыс. Егер де баланың қолынан келмесе, тәжірибеде қалай жасалатынын көрсетіңіз. Негізгі формула мен ережелерді жеке қағазға көшіріп алып, үстел және кереует үстіне, ас үйге т.с.с. іліп қоюға болады. 

Пән бойынша тест тапсырмаларының түрлі нұсқауларын дайындаңыз (қазіргі уақытта түрлі тест тапсырмалардың жинағы бар). Әдетте тапсыратын жазбаша және ауызша емтиханнан гөрі ерекше орын алатын тестілеу тәсіліне аса көңіл аудару қажет.

Тест тапсырмаларын орындау бойынша дайындық кезінде баланы ең алдымен уақытты дұрыс реттеу әдетіне үйретіңіз.  

Сонда ғана тестілеу уақытында баланың назар салу іскерлік әдеті және сабырлығы пайда болып, алаңдаушылығы азаяды. Егер балаңызда қол сағат болмаса, емтиханға міндетті түрде сағат беріңіз. Емтихан алдында жақсы демалып, ұйқысын қандырып алсын. 

Емтихан кезінде мынаған назар аударуына кеңес беріңіз:

  • Тест орындау алдында берілген барлық тапсырмаларға көз жүгірт, жақсы жұмыс жасауға көмектеседі;
  • Сұрақты соңына дейін мұқият оқып түсініп ал (әдетте аяғына дейін оқымай, алғашқы сөздері бойынша жауабын белгілеуге асығады);
  • Егер де сұраққа жауап білмесең немесе сенімсіз болсаң, сол сұрақты белгіле де кейінге қалдыр. Соңында сол сұраққа қайта оралып жауабыңды жаз;
  • Егер де берілген уақытта сұрақтарға жауап бере алмасаң, өзінің интуиция сезіміне сеніп, жауапқа жақын болатын нұсқауды белгіле.

 

 

Есте сақтаңыз: ең бастысы – баланың алаңдаушылығын азайту және тиісті жағдай қамтамасыз ету.