Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
иә - 27
жоқ - 11
білмеймін - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес

ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

 Құрметті ата-аналар!

Психологиялық қолдау– балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?

-  Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.

-  Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.

 -  Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.

-  Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.

-  Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.

-  Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.

-  Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.

-  Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.

-  ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

-  Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.

-  Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.

-  Тамақтануына көңіл бөліңіз:  баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.

-  Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.

-  Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.

Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.

Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:

·  Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына  сендіріңіз.

 ·  Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.

·  Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.

·  Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.

·  Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.

·  Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.

·  Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.

·  Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.

·  ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау.

ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

көшіріп алу қарау