Сенім телефоны
601920
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Әкімшілік
Мукушев Болат Сергалиевич
Мукушев Болат Сергалиевич
Мектеп директорының оқу және оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы. Тарих мұғалімі.
 
Контакт: 87053857400
 

Сұрақтарды қадағалайды:

- мектептің құқықтық тәрбие, ішкі істер бөлімдерімен бірлескен жұмыстарын ұйымдастырады

- әлеуметтік қауіпті топтар оқушыларының мектепішілік есепке алынуын қадағалайды, жасы толмаған жасөспірімдермен қызмет істейтін ұйымдармен мектептің байланысын ұйымдастыру

- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады

- мектеп басшысының тәрбие ісін ұйымдастыру мәселелеріне байланысты бұйрықтарды дайындайды

- кәсіптік бағдарды ұйымдастыру

- әлеуметтік педагог жұмысын қадағалайды

- оқушылармен болған төтенше жағдайларға тіркеу журналын жүргізеді

- 9  сыныптарының  сынып жетекшілерінің жұмысына басшылық жасау

- оқушыларды ыстық  тамақпен қамтамасыз етуіне бақылау жасайды

- мектеп ұжымының оқушылар мен ата-аналармен тәрбие жұмысы ұйымдастырады

- кешкі рейд жұмыстарын жүргізу (белгіленген күндері)

- оқушылардың сабаққа қатысуларын, кешігу, босатуын есепке алу, кезекші сынып журналының уақытымен толтырылуын қадағалайды

- 9-11-сынып түлектерінің оқуға, еңбекке орналасуын қамтамасыз ету

- мектептегі тәрбие жұмысының жағдайын мамандардың қатысуымен жоспарлап, бақылап, талдап, саралай отыра, қажетті мектеп іс-шараларына түзетулер енгізеді

- өз лауазымы міндеттеріне байланысты мектеп бойынша бұйрықтар мен ұйғарымдардың жобаларын дайындайды

- психолог жұмысын бақылайды

- азаматтық қорғаныс жұмыстарын үйлестіруші және төтенше жағдайлар жұмысын бақылаушы

- діни экстримизм

- тамақтану жұмысын қадағалайды

- оқушылардың мектеп ережесін (форма, тәртіп) талаптарының орындалуын қадағалау

- кезекші әкімшілік міндетін атқарады

Тюменева Роза Акифовна
Тюменева Роза Акифовна
Мектеп директорының оқу және оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы. Бастауыш сынып мұғалімі-модераторы.
 
Контакт: 87054224324
 

Сұрақтарды қадағалайды:

- педагогикалық кадрларды таңдау және бекітуге қатысады, олардың кәсібін және кәсіптік шеберлігін жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастырады

- педагогикалық қызметкерлердің аттестациясын дайындау және өткізуге қатысады

- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады

- бастауыш  сынып оқушылардың оқу сапасын тексеруге бақылау жүргізеді, электронды журналын тексеруге бақылау жүргізеді. (1-4 сынып оқушыларының білім сапасын тексеруге бақылау жүргізеді)

- педагогикалық ұжымның жеке іс қағаздарын жүргізу жұмыстарын бақылайды, оқу ісіне байланысты белгіленген есеп құжаттарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етеді

- мұғалімдерді жұмысқа қабылдау үшін конкурс жариялауды ұйымдастыру

- бастауыш сынып  оқу кабинеттерін қазіргі заман талабына сай, көрнекі құралдармен және техникалық құралдармен, оқу әдістемелік және көркем әдебиетпен, журнал- газеттермен жабдықтау бойынша шаралар қолданады. Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бағыттарының жұмысын қадағалайды

- мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуін жоспарлау және семинарларға қатысуын қамтамасыз ету 

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын үйлестіруші

- кітапхана жұмысын үйлестіру

- мектеп басшысы жанындағы кеңестің жұмысын үйлестіру, мектеп басшысы жанындағы кеңес материалдарының жинақталуы мен толтырылуы,хаттама

- жоғары оқу орындары және колледжде білім алатын практиканттармен жүргізілетін жұмысқа жауапты

- өз лауазымы міндеттеріне байланысты мектеп бойынша бұйрықтар мен ұйғарымдардың жобаларын дайындайды

- инклюзивті оқуға жауапты. Үйде тегін оқыту, ауруханадағы мектеп, даярлық тобы,  жұмыстарын үйлестіруші

- логопед қызметін бақылаушы

- кезекші әкімшілік міндетін атқарады

- 1 сыныптардың сабақтастығын өткізеді

Имангазинова Акбокен Маратовна
Имангазинова Акбокен Маратовна

Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы. Бастауыш сынып модераторы.

Контакт: 87716922737

Сұрақтарды қадағалайды:

- білім мекемесінің ағымдағы және алдағы іс- әрекетін жоспарлауды ұйымдастырады, мектептің даму бағдарламасына жауапты

- мектептің даму бағдарламасы бойынша «Көптілділікті» жүзеге асыру жұмысын үйлестіруші

- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады.

- педагог қызметкерлердің ғылыми- зерттеу мен тәжірибе сынақ жұмыстарына жетекшілік ету

- тарих, ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі, қазақ сыныбының  кабинеттерін қазіргі заман талабына сай, көрнекі құралдармен және техникалық құралдармен, оқу әдістемелік және көркем әдебиетпен, журнал - газеттермен жабдықтау бойынша шаралар қолданады

- инновациялық бағдарламалар,  технологиялар  әзірлеу және меңгеруде педагогикалық қызметкерлерге көмек көрсетеді

- ғылыми-әдістемелік бірлестіктер жоспарын, педагогикалық ұжымының жоспарын жасауға қатысады

- мектептегі ғылыми - әдістемелік жұмысты, оқушылардың ізденушілік жұмыстарына, ақпараттық-әдістемелік қызметіне басшылық жасайды

- пәндік олимпиадаларды, ғылыми жоба жұмыстарын жүргізеді, интеллектуалдық сайыстарға қатысу мен нәтижелілігін үйлестіруші

- гимназия сыныптарға жауапты

- 5-6 сынып педагогикалық ұжымның, сынып жетекшілерінің, оқушылардың жеке іс қағаздарын жүргізу жұмыстарын бақылайды, оқу ісіне байланысты белгіленген есеп құжаттарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етеді

- қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы, (тарих, қазақ сыныбы) пәндерді үйлестіруші. Қазақ тілі пән бірлестігіне жауапты

- халықаралық зерттеулерді (TIMSS, PIRLS, Piza МОДО)   ұйымдастыру сұрақтарына жауапты

- жас мамандармен жұмысын жүргізеді, тәлімгер бекітеді

- магистр дәрежесіндегі ұстаздармен жұмыс жүргізеді

- мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибелерін жинақтап, таратылуы бойынша жұмысты үйлестіруші

- өз лауазымы міндеттеріне байланысты мектеп бойынша бұйрықтар мен ұйғарымдардың жобаларын дайындайды

- кезекші әкімшілік міндетін атқарады

Омарова Динара Капбасовна
Омарова Динара Капбасовна

Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Химия пәнінің мұғалімі сарапшы.

Контакт: 87053423378

Сұрақтарды қадағалайды:

- жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуын үйлестіруші

- жалпыға бірдей білім беру заңдарының орындалуына басшылық жасайды

- жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқу кабинеттерін қазіргі заман талабына сай, көрнекі құралдармен және техникалық құралдармен, оқу әдістемелік және көркем әдебиетпен, журнал-газеттермен жабдықтау бойынша шаралар қолданады. Робототехника, информатика пәнінің жұмысын үйлестіру

- оқушылардың қозғалыс есебін жүргізеді, титул парағын реттейді

- факультатив, вариативті сабақтардың оқытылуын  бақылайды

- оқу процесінің ұйымдастырылуына басшылық етеді

- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады

- оқу жоспарын үйлестіреді

- оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуы, бұйрықтардың шығарылуын қамтамасыз етеді

- оқу жүктемесін бөлу жұмысына, уақытша жоқ мұғалімдер сабақтарын уақытысында және сапалы түрде ауыстыруды қамтамасыз етеді, ауыстырылған сабақтардың есебі жайлы журнал жүргізеді

- педагогтардың жұмыс уақытының есеп табелін жүргізеді, қол қояды және мектеп басшысына ұсынады

- педагогикалық кеңестің ұйымдастырылуына жауапты

- 10, 11-сынып оқушылардың электронды журналын тексеруге бақылау жүргізеді

- қорытынды аттестаттау емтихан, оқу жылын аяқтау құжаттарына жауапты

- оқу үдерісіне байланысты бұйрықтардың шығарылуын қадағалайды

- 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын ұйымдастыруды бақылайды

- жаратылыстану- математика, АӘД, Технология, музыка, бейнелеу өнері мен көркем еңбек пәндерінің оқытылуын бақылайды

- архивке жауапты

- қатаң есептегі құжаттарға жауапты

- 10 сыныптардың сабақтастығын бақылайды

- оқушылардың есебі мен қозғалысы, әліпби кітап және күзгі сындарға қалғандармен жұмысты бақылайды

- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады

- Күнделік KZ, Онлайн мектеп, АманСултан, TopIQ жұмысын үйлестіруші

- мектеп ұжымын және оқушыларын компьютерлермен, интернетпен қамтамасыз ету сұрақтарына жауапты

- НОБД жұмысын ұйымдастырушы

- өз лауазымы міндеттеріне байланысты мектеп бойынша бұйрықтар мен ұйғарымдардың жобаларын дайындайды

- кезекші әкімшілік міндетін атқарады

Смагулова Салтанат Токтарбайқызы
Смагулова Салтанат Токтарбайқызы

Оқу-тәрбиелік жұмыс бойынша мектеп директорының орынбасары. Жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеттің мұғалімі. 

Контакт: 87711341450

Сұрақтарды қадағалайды:
 
- мектептің даму бағыты, ерекшеліктерін, педагогтардың мүмкіндігі, оқушылардың тәрбиелік деңгейін негізге ала отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жасап, қалыптастыру

- тәрбиелік және дамытушылық  маңызы  бар іс-шаралар ұйымдастыру, бақылау жасау

- тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау; оқушылармен жүргізілетін жұмыстар бағдарламасын, ағымдағы және алдағы тәрбие үрдісін жоспарлау, тәрбие іс-шаралар кестесін жасау, жүзеге асыру

- мектепішілік бақылауды жүзеге асырады

- мектеп ғимаратындағы мұғалімдер және оқушылардың кезекшілігін ұйымдастырады

- мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыруға жауапты

- мектеп кеңесіне, педкеңеске тәрбие жұмысы туралы мәселелер қою, оны талқылау

- мектеп жанындағы жазғы лагерь жұмыстарын ұйымдастырады

- мектеп мейірбикелерінің  жұмысын бақылау

- оқушылардың қызығушылығы бойынша 1-11 сыныптардағы үйірмелер мен секциялар жұмысын қадағалайды

- өз лауазымы міндеттеріне байланысты мектеп бойынша бұйрықтар мен ұйғарымдардың жобаларын дайындайды

- балалардың қоғамдық қызметтерін, мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару жұмыстары мен «Жас Ұлан» бірлестігі қызметтерін реттеп отырады

- қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитетінің жұмысына жауапты

- ата-аналар жиналысын жоспарлау, өткізілуін қадағалау

- мектеп үлескісі жұмысын ұйымдастырады

- кезекші әкімшілік міндетін атқарады