Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Бастауыш сыныптардың мұғалім-зерттеуші.
Контакт: 87072915878
Сұрақтарды қадағалайды:
- Білім беру ұйымы оқу-тәрбие үдерісін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
- мемлекеттік стандартты орындау бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
- пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындылары бойынша білім сапасын талдайды;
- білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;
- тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді;
- кітапхананың қызметін үйлестіреді;
- бейіндік оқытуды ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- 5 сынып сабақтастығы;
- гуманитарлық және мәдени цикл пәндеріне жетекшілік етеді.
