Бүгін біздің мектепте № 4 емханасының дәрігер - гинекологы Сыздықова Светлана Болатқызымен кездесу өтті. Қыздар әйелдердің репродуктивті денсаулығы бойынша қажетті ақпараттарды алды.
Дүниежүзілік Бала күнін мерекелеу шеңберінде 2017 жылғы 20 - 21 қарашада Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференция және республикалық форум-фестивалі өткізілді.
13 қарашада біздің мектепте "Бала құқықтары туралы Конвенция" атты
сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, бала құқықтары туралы Конвенциямен танысу, өз құқықтары үшін жауапкершілікті ұғынуға ықпал ету, басқалармен жағымды қарым-қатынас жасау құқықтарына тәрбиелеу.
2 қараша күні біздің мектепте балалардың каникул кезіндегі бос уақытын ұйымдастыру үшін 7 - 8 сыныптар аралығында "Көңілді старт" өткізілді.
30 қазан күні күзгі демалыс күндерінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 8 "Г" сыныбында «Павлодар облысынан шыққан атақты тұлғалар» атты адамгершілік-патриоттық іс-шара өткізілді.
Мектепте каникул кезінде «Робототехника» үйірмесі өз жұмысын жалғастырды. Онда балалар роботтар жинастырды. Балалар қызығушылықпен Lego құрастырғышымен жұмыс істеді.
"Жарқын болашақ" еріктілері Қатаев атындағы оқушылар сарайы мұражайына каникулдың бір күнін арнады.
5 "А" сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге уақыттарын "Ертіс-синема" кинотеатрында көңілді өткізді Балалар "Біз құбыжықтармыз» жаңа мультфильмін тамашалады.
Дене күшін және ептілігін арттыру мақсатында біздің мектептің оқушылары балалар мен жасөспірімдердің экология-туризм орталығында құзға шықты. Биіктікке көтерілу кезінде балалар жылдамдыққа жарысты.
3 "Б" сынып оқушылары балалар мен жасөспірімдердің экология-туризм орталығында үйірмеге қатысып, топиарий жасауды үйренді.
Біздің мектепте сенбі күні туризм туралыіс-шаралар өткізу дәстүрге айналды. Бүгін балалар компаспен танысып, онымен жұмыс істеуді үйренді.
1- тоқсанның соңғы оқу күні балалар өздерінің оқу қорытындылары туралы ғана біліп қоймай, «Дәлме дәл» атты өткен күзгі мерекенің қорытындысын білді.
№30 мектепте "Қамқоршы күні" мерекесі өтті. Мерекеге қамқоршылар мен олардың балалары қатысты.
Күз! Бұл-ең әдемі жыл мезгілі. Күз – бұл жапырақтардың ырғалып жерге түсуі. Әдемі ырғақпен жерге түседі. Бұл мезгілде тегіннен-тегін күзгі кешті өткізбейді.
Білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы 2017 жылғы 18 қазанда Павлодар қаласындағы №30 ЖОМ-да «Оқытудың мазмұнын, формалары мен әдістерін жаңарту – білім беру сапасын арттыру шарты» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Аталған іс- шараға 150-ге жуық тілдік пәндер мұғалімдері қатысты.
2017 жылдың 12 қыркүйегінде Қостанай қаласында «Өлкетану – кіші Отан кеңістігінде патриотизмнің рухани негіздеріне тәрбиелеу факторы ретінде» атты халықаралық форум өтті. Форум мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұжырымдамалық негізінде өлкетану зерттеулерінің және тәжірибелік даму деңгейін көтеру. Форумды ұйымдастырушылар – Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ, Қостанай облысы әкімдігінің «Ішкі саясат басқармасы» ММ, Қостанай облысы әкімдігінің «Мәдениет басқармасы» ММ және «Қостанай
