"Қауіпсіз терезе" акциясы
№ 18 сәбилер бақшасында "Қауіпсіз терезе" акциясы өтті.
Балаларға қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулары бар мультипликациялық роликтер көрсетілді. Олармен тақырыптық әңгімелесулер өткізілгенннен кейін, балалар берілген тақырыпқа суреттер салды.
Топтардың ата-аналарына және балабақша жанында орналасқан дүкендер мен дәріханаларға терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпарат қойылды.
Алдын алу жұмыстарын өткізу барысында ата-аналардың назарына келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттелігі аударылды.
- Кішкентай балаларыңызды терезелері ашық бөлмеде, тіпті біраз уақытқа да қалдырмаңыздар.
- Баланың терезеге шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.
- Бала терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз.
- Баламен ашық терезе алдында тұрған кезде, терезені мықтап бекіту қажет, баланың оқыс қимылына дайын болу маңызды.
- Баланы терезе алды тақтайына қоймаңыз, оның сол жерге өздігінен мінгенін құптамаңыз, тіпті ондай талпынысты ойындарынан алдын ала сақтандырыңыз.
- Ешқашан, москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.Керісінше, москит торы трагедияға ықпал етеді.