«Бір ел – бір кітап»
2021 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберіндеаясында жалпыхалықтық оқуға жыл кітабын таңдау кезінде "30 кітап– Тәуелсіздіктің 30 жылдығы" атты рухани-мәдени акциясы ұсынылды. Акция аясында оқылатын кітаптар үлкендерге, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлеріне, рух, жан тазалығына, Отанға деген сүйіспеншілікке, шынайы қасиеттерге деген құрмет сияқты дәстүрлерге мән береді және оқырмандар жүрегінен өз орнын табады. Бүгінгі көрме, шолуымыз прозаға арналады: Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі», Тобық Жармағамбетов «Отамалы», Сауле Досжан «Қасірет пен тағдыр», Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет», Даурен Қуат «Бөрісоқпақ», Тұрысбек Саукетай «Желқайық».