Менің атым Қожа
Жазғы мектептің бастауыш қазақ сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу сабағында Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің желісімен түсірілген фильмді тамашаладық. Мақсатымыз фильмдегі Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі — өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Соңында фильм бойынша оқушылар ұшып келген ұшақ сұрақтарына жауап беріп, талқылады.
Жетекші : Каткенова Қ. Ж.