Мұғалім өзі тәжірибесіндегі, біліктілігі жоғары, жан-жақты іздену, жұмыстың түрлендіруі, сабақты қызықты өткізуінің арқасында білім алушылардың пәнге қызығушылығы артады. Барлығы мұғалімнің шеберлігі мен білім алушылардың қызығушылығына байланысты туындайды.
Сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату, білім алушыларды дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, оқу мен оқытудағы заманауи әдістері туралы білімдерін тереңдете отырып, сабақта қолданылатын әдіс түрлерін көрсетіп, онымен жұмыс жасауға үйрету мақсатында, қалалық әдістемелік кабинетінің жоспары негізінде ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Павлодар қаласының №26 жалпы орта білім беру мектебінде мектепалды сынып мұғалімдеріне арналған «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектепалды сынып мектептерінен әдіскерлермен, мұғалімдер қатысты.
Білім беру бөлімінің әдіскері Қ.М.Рақымжанова қазіргі таңда сабақ барысында, әдіс-тәсілдердің маңыздылығына назар аударды. №26 ЖОББМ оқу-ісінің меңгерушісі А.К.Байғабылова мектепалды сыныптарының жеңістерімен жетістіктеріне тоқталып өтті. Мектепалды сынып мұғалімдері А.Б.Теміржан «Көңілді математика әлемі» математика негіздерінен ашық сабақ көрсетсе, Т.Г.Мосина «Қыс қызығы» сөйлеуді дамыту пәнінен сабақ жүргізді, ал мектеп психологы Ж.П.Омарханова «Мектепалды жасындағы қиын балалар және олармен жұмыс істеу жолдары» тақырыпта тренинг өткізді, семинар барысында мұғалімдер өз педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар жұмысты оңтайлы өтті, қала ұстаздары сабақтағы тиімді әдіс-тәсілдермен танысып, өздерінің тәжірибелік қорларын толықтырды.
Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі