Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі
17-02-2023 18:49
Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі

Мұғалімнің шеберлігі білім алушылардың қызығушылығына байланысты туындайды.
Сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату, білім алушыларды дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, оқу мен оқытудағы заманауи әдістері туралы білімдерін тереңдете отырып, сабақта қолданылатын әдіс түрлерін көрсетіп, онымен жұмыс жасауға үйрету мақсатында, қалалық әдістемелік кабинетінің жоспары негізінде ағымдағы жылдың 17 ақпанда Павлодар қаласының №26 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі» тақырыбында семинар-коучинг өткізілді.
Білім беру бөлімінің әдіскері З.С.Алимбаева қазіргі таңда сабақ барысында, әдіс-тәсілдердің маңыздылығына назар аударды. №26 мектептің оқу-ісінің меңгерушісі А.К.Байғабылова заманауи сабақтың әр кезеңіндегі рефлексияның маңыздылығына тоқталды. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі С.Ж.Маманова 4 «Е» сыныпта «Ақылды аң» тақырыбына ашық сабақ өткізді, Ә.А.Жанакиева 3 «Б» сыныпта «Тұңғыш Ғалым» тақырыбына қазақ тілінен ашық сабақ берді. «Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі» тақырыбына қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Г.Т. Абылхаирова баяндама жасады. Рефлексияның әртүрлі әдіс-тәсілдерін «Qr код» әдісі, «Бағдаршам» арқылы кері байланыс алу М.А.Дузнаева көрсетсе, Wordwall платформасы арқылы, сабаққа тиімді қорытынды жасау Ә.А.Жанакиева рефлексияны тиімді ұйымдастыру жолдары туралы А.Бейсенқызы тәжірибесімен бөлісті, ал «Білім поштасы» әдісін қолданудың тиімділігіне А.К.Буринова тоқталды.
​ Семинар барысындағы жұмыста қала ұстаздары сабақтағы тиімді әдіс-тәсілдермен, рефлексияның заманауи түрлерімен танысып, өздерінің тәжірибелік қорларын толықтырды.