Құттықтаймыз!
9В сынып оқушысы Иваненко Дмитрий “Абай оқулары” байқауының “Көңілім әнді ұғады” бағыты бойынша қатысып, Абайдың әндерін орындау шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті.
Өзінің әуезді дауысымен, мәнерлілігімен және Абай шығармашылығына деген ерекше ықыласымен көзге түскен оқушымыз жүлделі III орын иеленді.
Бұл жеңіс – оқушының таланты мен табандылығының нәтижесі.
Жетістіктерің мол болсын, өнер мен білім жолындағы талпынысың әрдайым жемісті болсын, Дима!
