Осы оқу жылы бойы біздің мектептің 8-ші сыныптарының оқушылары «Тұрмыстағы химия» таңдау бойынша курстар сабақтарына белсенді қатысады, оны химия және биология мұғалімі Г.Н. Викулова жүргізеді. Осы сабақтарда жүргізілген практикалық жұмыстар, тәжірибелер және байқаулар оқушыларда табиғатта, тұрмыста және күнделікті өмірде болатын химиялық құбылыстарды байқау және оларды түсіндіру ептілігін дамытады.Осы курста мынадай сұрақтар қарастырылады: «Біз ішіп жүрген су», «біз жеп жүрген тамақ», «Ас бөлмеде және ваннада», «Үйде химиялық тазарту», «Химия астықты қорғауда», «сіздің үйіңіздегі гүлдер».
Осы тоқсанда соңғы сабақта «Минералды тыңайтқыштарды енгізу тәсілдері» практикалық жұмысы өткізілді.Біздің мектебіміздің сынып кабинеттерін безендіруге қолданылатын бөлме өсімдіктерін минералды тыңайтқыштармен қоректендіру бойынша акцияны өткізу осы жұмыстың ең маңызды сәті болды.