№ 26 жалпы орта білім беру мектебі «Бейбітшілік қоры - балаларға» бағдарламасы шегінде біздің облысымыздың БЦСнауқас балаларын емдеу үшін Бейбітшілік қорына қайырымдылық қаражат жинауға белсенді қатысты.Бұл қатты ауыратын балаларды емдеуге арналған біздің бірінші емес жасалған жарнамыз, ағымдағы жылдың басында да біз белсенді қатысып, қордың іс-әрекетіне белсенді қатысуы, азаматтық бейбітшілік және ұлтаралық келісімді, халықтар арасындағы бейбітшілікті және достастықты нығайтуға, қатты ауыратын балаларды емдеуге үлес қосқаны үшін Бейбітшілік қорынан және Павлодар облысы БЦСнауқас балаларының аналарының қауымдастық кеңесінен алғыс хаттармен марапатталдық (2012, 2013 ж.ж.).
Осы қор республикадағы жалғыз «Халықаралық Бейбітшілік қоры» ҚҚ болып табылатынын барлық оқырмандардың есіне түсіргіміз келеді, ол ел Президентінің тапсырмаларын орындап, бейбітшілікті, достастықты және келісімді ныйғайту, халықты патриоттық, адамгершілік және интерұлттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жүргізеді, біздің жерімізде бейбітшілікті және өмірді сақтау үшін күресуде бірлескен әрекеттер бойынша шет елдердің бітімгершілік ұйымдарымен байланыс жасайды.
Бейбітшілік қоры соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне, БЦС мүгедек балаларын емдеуге жалғыз аналарға материалдық көмек жасайды, соғыс қатысушыларының белгісіз бейіттерін күтеді, мүгедек балаларды емдеуді ұйымдастырады және жүргізеді және т.б.
Бейбітшілік қоры шешетін міндеттерді бір де қоғамдық ұйым шешпейді және шеше алмайды.Бұл міндеттер маңызды және олар адамдар үшін облыс және Республика үшін шешіледі.
Біздің мектеп келешекте де осындай қайырымдылық істерге белсенді қатысып жүреді.
аға вожатый З.Н. Смаилова
14.05.2013 ж.