Құттықтаймыз!!!

Ақын-жазушы Қалижан Бекқожиннің «100 жылдық мерей тойына» арналған мектепішілік «Шіркін, поэзия! Саған жанымды бергім келеді...» атты көркем оқудан 1-орынға ие болған 8-сынып оқушысы Жантемірова Зарина «Менің жырым- өрең тасқын» атты қалалық оқуларға жолдама алған болатын. Қалалық сайыста үмітімізді ақтап, мектеп қоржынына 1-орынды салды, Заринаны №26 мектеп атынан құттықтаймын, шығармашылық табыстар тілейміз.
Сөз соңында жыр тарланы Қалижан Бекқожиннің мұрасын оқып, өздеріне рухани азық, ләззат алар осындай ұрпақтары көбейе берсін дегім келдеді.
Дайындаған мұғалімі: Акпарова Т.Т.