Гимнастикадан бағын сынаған қыз.
Спортта көп жылдан бері жүріп, қажырлы еңбегі мен баптаушысының тәжірибесі мен ақыл-кеңесінің арқасында , өзінің бойындағы талантын ұштап, талмай өз-өзін шыңдауының арқасында № 26 мектептің 4 «А»-сынып оқушысы Шарафиденова Дария 1-2 наурыз күндері өткен «Надежды Казахстана» атты Павлодар облысының ашық чемпионатында көркем гимнастикадан ІІ жүлделі орынды иеленді.
Дарияның алда әлі де талай жеңістерді қанжығасына байлайтыны даусыз. Оған сыныптастарының атынан тек сәттілік пен жеңіс тілеймін. Талма, әрқашан алға ұмтыла бер! Әрдайым биіктерден көріне бер!
Сынып жетекшісі: Нуртазина Ш.А.