9 Мамырда фашисттік Германияға қарсы соғыстың Жеңіс Күнін атап өтеді. Бұл мереке әлем елдерінің басым бөлігінде құрметті мейрамдарының бірі болып табылады. Қазақстанда Жеңіс Күніне үлкен мән беріледі. Өйткені аталған күн Отанды және халықты жаулардан қорғанудың нышаны. Қазақстандықтардың көпшілігі өз туған жерін қорғап, ерлікпен, батырлықпен қаза тапты. Айдың басынан бастап мектебімізде бұл мерекеге арналған түрлі іс – шаралар өтті. 5, 6 мамыр күндері 3 «В» және 7 «В» сынып жетекшілері Н.Н.Борецкая, И.В.Малютина жетекшілігімен ұйымдастырылған соңғы салтанатты концерт өткізілді. Балалар тақырып бойынша мектебіміздің мәжіліс залын безендіріп, таңертең жасұландар шақырылған ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін соғыс жылдардағы әндермен қарсы алды. Режиссерлік жұмыс, әндер, өлеңдер, билер тамаша болып шықты. Концертке басқа сынып оқушылары да қатысты.