ЛиД Ару–2017...

16 наурыз күні Балалар шығармашылығын қамту орталығында 8-10 сынып оқушылары арасында «ЛиД Ару – 2017» атты сұлулық байқауы өтті. Аталған байқауды жоғары сынып оқушылары – көшбасшыларының балалар жасөспірімдер ассоциациясы өткізді. Мектебімізден 9 сынып оқушысы Милана Хаджаева қатысып «Мисс-пластичность» аталымы бойынша грамотаға ие болды.