Кітап — ең үздік жастық басшылары...
Бүгін мектебіміз №29 балабақшасының даярлық тобын қарсы алды. Мақсаты – мектебімізде білім алу үшін балалардың қызығушылығын ояту. Мектеп кітапханашысы кітап және кітапты қалай күтіп ұстау керектігін айтты. Балалар ертегілер бойынша дайындаған викторина ойынына белсенді қатысты.Олардың басым бөлігі өздігінен оқи алады, көптеген ертегілерді және сол ертегілердің авторларын біледі.