Сүйіспеншілікке толы жүрек...
Қазақстанда сегіз жыл қатарынан Қамқоршылар күні атап өтілуде.
Бұл мереке өз уақытында бөтендердің қайғысына бей – жай қарамайтындарға, сондай-ақ қамқоршылардың күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарымен бөлісуге мүмкіндік беру үшін жасалған.
Осы мереке аясында оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды, жоғары сынып оқушыларының кеңесімен "Сүйіспеншілікке толы жүрек" атты стенд ресімделді.