Павлодар Ертіс өңірінің шежірешісі, өлкетанушы үйінде...
"Туған жер" тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8 "А" сынып оқушылары аға вожатый А. В. Виситаевамен бірге Д.П.Багаев атындағы мұражай үйіне барды. Бұл үйде Павлодар Ертіс өңірінің шежірешісі, өлкетанушы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры, көрнекті фотограф, Қазақстаннан өзгеде жерде танымал Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүрді және жұмыс істеді.
Балалар мұражай экспозициясын қызығушылықпен қарап шықты, онда ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Д.П.Багаевтың өзі қолданған заттары, фотоаппаратура, және ең бастысы - фотографтың шығармашылық мұрасы – өлкенің жарты ғасырдан астам тарихы көрсетілген фотосуреттері ұсынылды.