Жақсылық жаса
Біздің мектеп оқушылары үшін "жақсылық" сөзі жай сөз емес. Олар барлық қайырымдылық акцияларға белсенді қатысады. Оның бірі "Жақсылық жаса" деп аталады, бұнда балалар пластикалық қақпақтар жинады. Қақпақтар бар ондаған банкалар жиналып, мейірімділік клубқа тапсырылды. Қайырымдылық акцияларға қатыса отырып, балалар мейірімді болуға, есейгенде де, басқалардың қайғысына бей-жай қарамауға үйренеді.