Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Айналайын" шағын орталық

 

МБҰ топтық үй-жайларының дұрыс ұйымдастырылған дамыту  кеңістігі әр балаға ұнататын ісін  табуға, өз күшіне  және қабілеттіктеріне сенуге көмектеседі.

Шағын-орталыққа  келген балалардың дұрыс дамуының маңызды элементі СанЕжН талаптарына сәйкес  ұйымдастырылған пәндік-дамыту ортасы болып табылады. Топтың безендіруі жылулық пен жайлылық сезімін тудырады.Барлық ойын материалдары балаларға ұнайтын ашық, жарқын түстерде орындалған.

 

Балалар сұлулық, ойындар, ертегілер, музыка, фантазия, шығармашылық әлемінде тұру керек, білім алу баспалдағының бірінші сатысына мінген кезде бала өзін қалай сезінетіне байланысты оның келесіде білімге деген жолы да сондай болады деп В.А. Сухомлинский дұрыс айтқан.

 

    

Оқу орталықтарында дидактикалық, үстел-баспа ойындары  орналасқан, балалар оларды  бос ойын іс-әрекетінде пайдаланады.

Шағын-орталықта пәндік-дамыту сөйлеу ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.  Әр топта бағдарлама  талаптарына және балалар жастарына сәйкес сауаттылық орталықтары  жабдықталған.  Осында түрлі дидактикалық ойындар, тақырыптық альбомдар, балалар кітаптары және басқа материал орналасқан, оларды қолдану мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің  сөйлеуінің жан-жағын дамытуға бағытталған.