Сұрақтарды қадағалайды:
- білім беру ұйымы оқу-тәрбие үдерісін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
- оқу-тәрбие үдерісінің жай-күйін, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді талдайды;
- мемлекеттік стандартты орындау бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
- пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындылары бойынша білім сапасын талдайды;
- білім беру ұйымдары білім алушылар мен педагогтардың олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
- пәндік әдістемелік бірлестіктерді үйлестіруді жүзеге асырады;
- педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін және әдістемелік жұмысты ұйымдастырады;
- "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның және Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- ББЖМ үдерісін іске асыруды ұйымдастырады;
- көптілділік бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады.
