Оқу-тәрбиелік жұмыс бойынша мектеп директорының орынбасары. Биология және химия пәндерінің педагог - зерттеуші.
Контакт: 87715274250
Сұрақтарды қадағалайды:
- Білім алушылармен тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды оны жүргізуді ұйымдастырады;
- Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтарының тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтарының қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
- Оқу-тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді, тәрбие үдерісінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
- Педагогтарды іріктеуге қатысады, педагогтардың біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- Білім беру ұйымының тәрбие үдерісін қамтамасыз ететін әкімшіліктің, әлеуметтік-педагогикалық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық пен құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
- Білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының мінез құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді;
- Мектеп-ата-ана қарым-қатынасының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдар өткізеді;
- Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
- Білім беру іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- Білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
- Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді;
- Киберкультура мен кибергигиенаны дамытады;
- Есепті құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- «Құндылықтарға негізделген білім» мектебінің тұжырымдамасын әзірлейді;
- Мектеп ұжымының қатысуымен білім беруде құндылық тәсілін енгізеді;
- Білім беру ұйымының түлектер қауымдастығын құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді;
- Мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтің қоғамдық жағдайына сәйкес өткізудің этикалық нормаларын сақтайды;
- Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады және бақылайды.
