Телефон доверия
601920
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Білім беру үдерісіндегі құндылыққа бағдарланған компонент — үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырудың негізгі элементі
18-12-2025 22:01
Білім беру үдерісіндегі құндылыққа бағдарланған компонент — үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырудың негізгі элементі

Желтоқсан айының 18 жұлдызында мектебімізде «Білім беру үдерісіндегі құндылыққа бағдарланған компонент — үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырудың негізгі элементі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес барысында мұғалімдер құндылықтардың жеке іс-шаралар арқылы емес, күнделікті әр сабақта, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекет арқылы қалыптасатынын талқылады.

Мектеп директоры Ниязбекова Г.М. кіріспе сөз сөйлеп, мектептің тәрбиелік жүйесіндегі негізгі басым бағыттарды атап өтті.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
• құндылыққа бағдарланған тәсіл — мектептің тәрбиелік жүйесінің негізі ретінде;
• оқу пәндері арқылы үйлесімді тұлғаны қалыптастыру;
• спорттық секциялар мен ұлттық ойындардың адалдық, тәртіп және жауапкершілікке тәрбиелеудегі рөлі;
• «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын кәсіби бағдар беру жұмысына кіріктіру.

Интерактив, миға шабуыл және «Құндылықтар – пән арқылы» практикумы педагогтар үшін ерекше қызығушылық тудырды. Әр мұғалім өз сабағында қандай құндылықтарды қалыптастырып жүргенін саралады.

Рефлексия барысында педагогтер: құндылықтардың түсіндіру арқылы ғана емес, іс-әрекет, тәжірибе және мұғалімнің жеке үлгісі арқылы қалыптасатынын атап өтті.

Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша: құндылыққа бағдарланған компонентті формалды талап емес, әр педагогтың кәсіби мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналдыру туралы шешім қабылданды. Бұл — «Адал азамат» бағдарламасы аясында жауапты, адал және белсенді азамат тәрбиелеудің негізі.