Желтоқсан айының 18 жұлдызында мектебімізде «Білім беру үдерісіндегі құндылыққа бағдарланған компонент — үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырудың негізгі элементі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес барысында мұғалімдер құндылықтардың жеке іс-шаралар арқылы емес, күнделікті әр сабақта, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекет арқылы қалыптасатынын талқылады.
Мектеп директоры Ниязбекова Г.М. кіріспе сөз сөйлеп, мектептің тәрбиелік жүйесіндегі негізгі басым бағыттарды атап өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
• құндылыққа бағдарланған тәсіл — мектептің тәрбиелік жүйесінің негізі ретінде;
• оқу пәндері арқылы үйлесімді тұлғаны қалыптастыру;
• спорттық секциялар мен ұлттық ойындардың адалдық, тәртіп және жауапкершілікке тәрбиелеудегі рөлі;
• «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын кәсіби бағдар беру жұмысына кіріктіру.
Интерактив, миға шабуыл және «Құндылықтар – пән арқылы» практикумы педагогтар үшін ерекше қызығушылық тудырды. Әр мұғалім өз сабағында қандай құндылықтарды қалыптастырып жүргенін саралады.
Рефлексия барысында педагогтер: құндылықтардың түсіндіру арқылы ғана емес, іс-әрекет, тәжірибе және мұғалімнің жеке үлгісі арқылы қалыптасатынын атап өтті.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша: құндылыққа бағдарланған компонентті формалды талап емес, әр педагогтың кәсіби мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналдыру туралы шешім қабылданды. Бұл — «Адал азамат» бағдарламасы аясында жауапты, адал және белсенді азамат тәрбиелеудің негізі.
