Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Одна страна – одна книга»: «Голос столетия»
23-11-2016 06:33
«Одна страна – одна книга»: «Голос столетия»

«Шашудай болып шашылар

Меруерттей асыл сөз деген»

Дулат Бабатайұлы

«Бір ел – бір кітап» акциясын жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Қазақстанда аталған акция ел тұрғындарының арасында аса танымал. Оқырмандар жалпы қауымға ұсынылатын туындыларға қызығушылық танытады. Олар авторлардың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады.

«Бір ел – бір кітап» атты Республикалық акциясының әділ қазылардың шешімі бойынша 2016 жылы Қазақстанда жалпы қауымның оқуы үшін ХІХ ғасырдың қазақ әдебиеті тарихындағы танымал ақын Дулат Бабатайұлының туындылары басты кітап болып танылды.

Дулат Бабатайұлы – қазақ ақыны, оның өлеңдері типографиялық шрифтпен басылып, кітап етіп шығарылған. Д. Бабатайұлы өз замандағы білімді тұлғалардың бірі болған.

Д.Бабатайұлының алғашқы «Өсиетнама» туындылар жинағы 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген. Кітапқа ақынның 800 жуық өлеңдер енгізілген. Оның өлеңдерінде хандық жойылғаннан кейін қазақ даласында орын алған әлеуметтік қайшылықтар айқын суреттелген. «Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ақын халықтың ауыр өмірін суреттеп, патша колонизаторлардың көрсеткен зорлығын сөз етті. «Бараққа», «Кеңесбайға» атты өлеңдерінде ақын патша шенеуніктердің іс-әрекетін сынға алады.

Дулат Бабатайұлының шығармашылығы – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік өмірінің куәсі. Ақынның арқасында бізге ХVІІ ғасырдың ақыны – Ақтамберді жыраудың өлең түріндегі туындылары жеткен.

Мектеп кітапханасында ақынның шығармашылығына арнап тақырыптық көрме ұйымдастырылып, 7 сынып оқушыларымен бірге «Ғасыр дауысы» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты – оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстыру, оларды оқуға деген сүйіспеншіліктерін арту, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. Оқу және атақты тұлғалармен танысу қажеттілігі туралы айту, ақынның тұлғасы туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру.