Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас маман тәлімгерінің іс-әрекеттер ережелері

1.    Жұмыстың міндеттері және мазмұны:

Жас маманныңтәлімгері міндетті:

·          Жас маманды мектеп педагогика ұжымның жұмыстарымен таныстыру;

·          Оқу бағдарламасын және түсінік хаттарын талдауына көмектесу;

·          Тақырыптық жоспарын құруға, жиі қайталауға және тәжірибелік, зертханалық жұмыстарға, тақырыптық топсеруенге арналған материалдарды таңдауға көмектесу;

·          Сабақтарға дайындалуда әдістемелік және дидактикалық материалдарын, көрнекілік құралдарын, бақылау жұмыстарын таңдауға көмек көрсету;

·          Жас маманның сабақтарына қатысу, ұқыптылықпен талдау; ӘБ бойынша әріптестердің және үздік мұғалімдердің сабақтарына қатысуын ұйымдастыру, бірге талқылау,талдау

·          Өз білімін жетілдіру үшін әдістемелік әдебиетті таңдауға жәрдем ету.

·          Өз білімін жетілдіру бойынша жас маманның жұмысын бақылау және бағыт беру.

2.    Тәлімгерді тағайындау тәртібі

Тәлімгер кандидатурасы мектептің Ғылыми-әдістемелік кеңесімен ұсынылады. Директор тәлімгерді тағайындау туралы бұйрық шығарады.

3.     Тәлімгер жұмысын бақылау

Тәлімгер жұмысына мектептің Ғылыми-әдістемелік кеңесі бақылау жасайды.

Мектептің Ғылыми-әдістемелік кеңесі тәлімгердің есебін тоқсанда 1 рет қарайды.

Ғылыми-әдістемелік кеңесінің өкілдері жас маманның сабақтарына және сыныптан тыс іс-шараларына қатысады. Содан кейін талқыланады, талдайды.