Бала құқығы-адам құқығы.
Балалардың әрдайым тәуелсіз өмір сүруіне ойлау қабілеттерінің және ақыл-ой дамуы мен өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіз деңгейіне байланысты әрқашан ересектердің күнделікті қамқорлығына мұқтаж болады. Сондықтан балаларды күтіп-бағу, олардың ақылға қонымды қажеттіліктерін қанағаттандыру, қиыншылықтар мен қауіп-қатерлерден қорғау әрқашан адамның міндеті болған және болып қала береді.
Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» іс-шараларын өткізу аясында 2020 жылдың 20 қазанынан 20 қарашасына дейін жұмыс жоспары құрылды.
30 қазанда ата - аналарға арналған «Бақытты отбасы-бақытты балалар» атты дөңгелек үстел өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Киргеева Г .К. ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтары туралы айтты.
Мектептің педагог-психологы Гессе С.В. «Үлкендер мен балалар» атты сипаттағы ұсыныс ақпараттармен бөлісті. Ол отбасылық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы, ата-аналар мен балалардың өзара түсіністігі, өтпелі кезеңдегі қиындықтар туралы айтты. Қорытындылай келе, Светлана Васильевна ата-аналарды балаларға мұқият болуға, олардың қуаныштары мен қайғыларынан хабардар болып, үнемі қадағалап отыруға шақырды.