Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ӘКІМШІЛІК

  Масакбаева Гульнара Максутовна

  Масакбаева Гульнара Максутовна – басшының бейіндік оқыту жөніңдегі орынбасары, биология пәнінің мұғалімі
 
Жалпы жұмыс өтілі  42 жыл.
 
Педагогикалық еңбек өтілі 37 жыл.
 
Жоғары санат
 
Педагогикалық шеберлік: педагог – зерттеуші.
 
Бұл мектепте 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Келесі жетістіктерге ие
- қалалық деңгей: «Үздік оқу - әдістемелік құрал - 2023» байқауы-2 орын; «Педагогикалық идеялар-2024»-3 орын;
- облыстық деңгей: «Педагогикалық шеберлік – 2023»байқауы - 2 орын;«Педагогикалық шеберлік – 2024»- қатысу.
Ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы болып табылады:
- Республикалық деңгей: «стандартты емес сабақтар»(2022ж.);
- «Халықаралық зерттеудің тұжырымдамалары мен тәсілдері. «PIZA»қоғамдық қоры (2023); «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы заманауи үрдістер: Практика және инновациялар»(Марғұлан атындағы ППУ, 2024 ж.Наурыз);«Қазіргі заманғы ғылым: жаңа тәсілдер және қазіргі заманғы зерттеулер»(Қызылорда қ., сәуір, 2024 ж
Өз тәжірибесін қалалық және облыстық деңгейлерде тақырыптар бойынша жалпылады:
- қалалық деңгей «Көптілділік арқалы оқу-тәрбие қызметінің тиімділігін артыру және мұғалімнің кәсіпқой денгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыру» (2022ж.);
- облыстық деңгей: «Мектептегі бейіндік оқытудағы менеджменттің рөлі» (2023 ж.); «БЖМ-да дайындық кезінде «Жасушалдық биология» бөлімін оқудың ерекшеліктері» (2024 ж.); «Эмоционалды интеллект, кәсіби жетістікке жетудің іргелі компоненті» ( қараша, 2024 ж.) – БАҰО                                                АҚ «Өрлеу».
Журналдарда жарияланымдары бар.
Оның оқушылары қалалық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері.
Марапаттары: Павлодар қалалық білім бөлімінің грамоталары;
Павлодар облысы білім басқармасының алғыс хаттары; «Алғыс» БҒМ ҚР (2022ж.).
 
Лауазымдық міндеттері:
Жоғары (бейіндік сыныптарды)жасақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектеп түлегінің қорытынды білім рейтингін қалыптастырады;
қолданбалы және элективті курстар бағдарламаларымен бейіндік оқытуды бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;оқушыларды бейіндік оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді;
бейіндік оқыту бойынша білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және жоспарлауды, көп деңгейлі бағдарламаларды енгізуді ұйымдастырады және талдайды;
педагогикалық ұжымның оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынақтан өткізу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді;
білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;
педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды; тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;
 
Мұғалімнің сенімі: «Мұғалім тек мамандық емес, әр адамның өмірінің бір бөлігі. Және бұл бөлік ең жақсы болуы керек»!
 

Касымканова Асель Гизатолловна

Касымканова Асель Гизатолловна- басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, биология пәні мұғалімі. 
Еңбек өтілі- 21 год
 
Санаты жоғары
 
Педагогикалық шеберлік: педагог – зерттеуші.
 
Павлодар қаласының №14 ЖОББ мектебінде 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, келесі жетістіктерге ие: "Үздік оқу-әдістемелік құрал – 2021", А.Байтұрсынов атындағы республикалық онлайн олимпиада жүлдегері. Оның оқушылары қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері. 
 
Лауазымдық міндеттері: 
 
Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін жоспарлауды ұйымдастырады.
Педагогтердің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөніндегі жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады.
Білім алушыларды ағымдағы және қорытынды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындылары бойынша білім сапасын талдайды. Педагог кадрлардың бос лауазымдарына конкурстар өткізуді ұйымдастырады. 
Педагог кадрларды аттестаттау мәселелеріне жетекшілік етеді.
 
Мұғалімнің сенімі: "Басқаларды үйрету үшін өзіңді үйрету керек, басқаларды тәрбиелеу үшін өзіңнен бастау керек, басқаларды дамыту үшін өзіңді үнемі дамыту керек!"
 
 
Кадырханов Фархат Оразович
 
 
Кадырханов Фархат Оразович –басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі мұғалімі.
 
Еңбек өтілі-7 жыл.
Санаты: педагог-модератор.
 
Павлодар қаласының №14 ЖОББ мектебінде 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның оқушылары қалалық, лингвистикалық олимпиадалардың, ғылыми конференциялардың жүлдегерлері. 
 
Лауазымдық міндеттері:  
- қазақ тілінде оқытатын сыныптарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады
- қатаң есептілік құжаттарының жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.
- мектепті ақпараттандыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.