ОРАЛОВА БИБИНУР ЕРИКОВНА
Оралова Бибинур Ериковна-бастауыш сынып мұғалімі.
Еңбек өтілі 29 жыл. Білімі: жоғары. Санаты: педагог-сарапшы. Павлодар қаласының №14 ЖОББ мектебінде 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Жетістіктері:
Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы II республикалық қашықтықтан олимпиада жеңімпазы, А. Байтұрсынов атындағы республикалық онлайн олимпиаданың жүлдегері, «Үздік авторлық бағдарлама – 2023» қалалық байқауында 2 орын, оның оқушылары қалалық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері болып табылады.
"Оқыту құқығына ие болу үшін Сіз үнемі өзіңіз үйренуіңіз керек"деген сенім.
МҰРАТ ДАРЬЯ СЕМБАЙҚЫЗЫ
Мұрат Дарья Сембайқызы-бастауыш сынып мұғалімі.
Еңбек өтілі 8 жыл.
Білімі: жоғары.
Санат педагог-сарапшы.
Павлодар қаласының №14 ЖОББ мектебінде 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.
Жетістіктері: бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы республикалық қашықтықтан олимпиада жеңімпазы. Оның оқушылары қалалық, облыстық және республикалық «Зерде» ғылыми байқауларының жүлдегерлері. Республикалық онлайн олимпиадалардың жеңімпаздары. «Бастау» қалалық және облыстық математикалық турнирлерінің жүлдегерлері.
«Сіз үйретемін деп шешкендердіңжүректеріне жету,
Белгілі бір білімнің ғана емес, жанның бір бөлігін де беру»
ЖАРТОВСКАЯ ЮЛИЯ СЕРГЕЕВНА
Жартовская Юлия Сергеевна-бастауыш сынып мұғалімі.
Еңбек өтілі 6 жыл.
Санаты модератор.
Павлодар қаласының №14 ЖОББ мектебінде 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.
Жетістіктері:
Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы II республикалық қашықтықтан олимпиада жеңімпазы, А. Байтұрсынов атындағы республикалық онлайн олимпиаданың жүлдегері. Оның оқушылары қалалық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері.
Мұғалімнің сенімі: «Балаға деген сүйіспеншілігі жоқ тәрбиеші дауысы жоқ әнші, есту қабілеті жоқ музыкант, түс сезімі жоқ суретші сияқты».
МЕРЖОЕВА АЙНАГУЛЬ АМАНГЕЛЬДИЕВНА
Мержоева Айнагүл Амангелдіқызы-Бастауыш сынып мұғалімі.
Еңбек өтілі -8 жыл.
Білімі-жоғары.
Категория -педагог-эксперт.
Осы мектепте 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Келесі жетістіктерге ие: бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтықтан "ПЕДСТАРТ" олимпиадасынан II орын жүлдегері. Жетекші мектептердің облыстық форумында өз білімімен бөлісті. Оқушылары республикалық "Ақ бота" олимпиадасының жүлдегерлері. Қалалақ кезеңнен "Зерде" зерттеу жұмысынан III орын, "Бастау" олимпиадасынан II орын, "Әліппе атасы" конкурсынан II, III орын , логикалық-математика олимпиадасынан II орын иегерлері.
Мұғалімнің ұраны: мұғалім мектептің ұйытқысы, негізгі қозғау механизмі"
ОРЫНБАЕВА АЖАР ТАЙБЕКОВНА
Орынбаева Ажар Тайбекқызы– бастауыш сынып мұғалімі.
Еңбек өтілі 15 жыл.
Білімі: жоғары.
Санаты педагог-сарапшы.
Аталған мектепте 2015 жылдан еңбек етеді. Жетістіктері:Республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасының 1 орын жүлдегері. Облыстық семинарларда, тамыз кеңесі секциялық жұмыстарында өз тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Оқушылары қалалық «Зерде» ғылыми-жобалар сайысында, Абай оқуларында жүлделі орындарға ие болған. Ұстаздық ұстанымы: Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.