Құрметті ата-аналар, педагогтар, балалар!
Құрметті ата-аналар, педагогтар, балалар! 2021 жылдың 01 ақпанынан 11 ақпанына дейін адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты жыл сайынғы онкүндік өтеді. Онкүндіктің басты мақсаты-жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту, өзімізді және айналамыздағы әлеммен үйлесімді өмір сүруге үйрету.
Өзін-өзі тану онкүндігінде өткізілген іс - шаралар "өзін-өзі тану" оқу пәні арқылы оқушылардың бойында адамгершілік-рухани тәрбиені қалыптастыруға бағытталған - әрбір адамның өміріндегі руханилықтың, адамгершіліктің, ар-ожданның, ізгіліктің, құрметтің, борыштың қайнар көзі.