Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірыңғай сынып сағаты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірыңғай сынып сағатын өткізу аясындағы мақсаты: отаншылдыққа, туған елін мақтан тұтуға тәрбиелеу. 11 А сынып оқушылары Торайғыров университетінің профессоры, ғалым әрі танымы мол жан Богомолов Алексей Витальевичпен кездесуі өтті.
Профессор Қазақстанның тәуелсіздігі кезінде болған жаһандық өзгерістер туралы айтып, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған алдағы реформалар туралы еске салды. Кездесу барысында балалардың сұрақтарына жауап беріп, болашақта үлкен белестер жайлы ой салды. Соңында Алексей Витальевич жастарға Қазақстанның гүлденуіне бағытталған үздік оқу, екпінді еңбек тіледі.