Щучинск қаласының «Щучинск» шипажайында 2024 жылғы 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Зерде» ХІХ Республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Ережеге сәйкес зерттеу жұмыстарын қорғау 7 секция бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, медицина, психология, экология, технология және өнер. Ең мықты атағы үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 2-7 сыныптың 300-ден астам жас зерттеушілері жарысты. ІІ орынды Жестовский Матвей мен Сокрут Артем № 14 орта мектебінің 3 сынып оқушыларының «Технология және Өнер»секциясында командалық жұмысы иеленді. Жетекшісі Мұрат Дарья Сембайқызы . Жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Республикалық «Зерде» байқауының жүлдегерлері