Викторина
15 ақпанда 9 «А» және 9 «Б» сыныптары арасында викторина өткізілді. Оқушылар келесі бөлімдер бойынша ағылшын тілді елдер туралы викториналық сұрақтарға жауап берді: географиялық орны, дәстүрлері, мерекелері, ағылшын тілді елдердің мәдениеті жайлы айтылды. Бұл сайыста 9 «Б» сыныбының өкілдері жеңіске жетті. Қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.