«Космос және біз»
Жыл сайын 12 сәуірде бүкіл әлем Космонавтика күнін атап өтеді. 8 сәуірде №8 балалар кітапханасымен бірлесіп «Космос және біз» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар планета мен Күн жүйесіндегі ғарыш объектілерімен танысты. Олар планеталардың суреттері бар кітаптардан иллюстрацияларды қызығушылықпен қарады. «Ғарыштық әліппе» викторинасына қатысып, ғалам туралы білімдерін бекітті, жұмбақтар шешіп, өлеңдер оқыды.



