«Менің айналамдағы мамандықтар» маман күні
2025 жылдың 24 сәуірінде 14 мектепте 9 «В» сынып оқушылары үшін «Еңбек кәсібі жылы» аясында «Маман күні: Менің айналамдағы мамандықтар» атты шара өткізілді. Шараға кран машинисі Амирова Айнура Сарсенбаевна шақырылды. Ол өз мамандығының ерекшеліктері туралы айтып берді және оқушылардың қызықтырған сұрақтарына қуана жауап берді.



