Тілдер айлығының шеңберінде біздің мектепте көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр.Олар-«Тіл-халық байлығы» сайысы, «Полиглот» тіл білгіштерінің сайысы , мектептің ішінде орыс тілі,мемлекеттік тіл-қазақ тілі туралы нақыл сөздер ілулі тұр.
Ал бүгін ,17 қыркүйекте білім ұямызда « Мемлекеттік тілде сөйлесейік» атты акциясы өткізілді.Бұл іс-шараның басты мақсаты- мемлекетік тілдің қолдану аясын кеңейту және тілге деген қызығушылықты ояту .
Мектептің әр оқушысы кеудесіне « Мемлекеттік тілде сөйлесейік» атты бейдж тағып ,өзінің қазақ тілінің дамуына үлес қосушы ретінде сезінді.
8 «А» сынып оқушылары үзілістерде білім алушыларға,мұғалімдерге қазақ тілінде сөйлеу үшін қажетті қарапайым сөздері жазылған парақтарды үлестірді.
Акцияға ең белсенді қатысқан сыныптарды атап өтуге болады -5а,5б,6а,7а,7б сыныптары.Бұл сыныптар «Асханада» , «Аялдама» ,«Танысу» «Кинотеатрда» атты қабырға газеттерін шығарды.
« Мемлекеттік тілде сөйлесейік» акциясы барлықтарымыздың көңілден шықты.
Барлық акция қатысушыларына алғысымызды білдіреміз!