Кітапханалық сабақ «Кітап және кітапхана».1 сынып
№14 орта мектебінде 1- сынып оқушылары үшін мектеп кітапханасымен таныстыру өтті. Кітапханашы Н.Ф. Мосягина ,балаларға кітапхана дегеніміз не, не үшін керек және кітапхананың тәртіп ережесін түсіндіріп кетті.
Балалар келесі ұғымдарды біліп алды: «Абонемент», «оқу залы», «оқырман», «формуляр».Басты назар кітапхананың қазынасына, яғни кітапқа және оның оны ұқыпты , таза ұстауына назар аударылды. Бұл кездесуде бірінші сынып оқушылары кітапхана қорында балаларға арналған кітаптармен, газет, журналдармен танысты. Балалар көңілді күймен өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап,үйге оқуға алды.