№ 14 мектебіндегі Денсаулық күні– бұл әрқашанда денені сауықтыру күні. Спорт-адам өмірінің ұзаруына,салауатты өмір сүруде таптырмас құрал.
7 қыркүйекте Республикалық сауықтыру күні шеңберінде біздің мектеп оқушылары Денсаулық күнін сергіту сәтінен бастады.Бұл сергіту сәті флэшмоб түрінде өткізілді.Флэшмобта балалар да,мұғалімдер де арнайы музыка ырғағына бірыңғай жаттығулар жасап ,өздерінің денсаулықтарына біраз болса да пайдалы әсерін тигізді. Бұл көңілді ,қызықты жаттығуларды мектеп директорынан бастап, 1-ші сынып оқушысына дейін жасады.
Бұл күнге құрастырылған арнайы іс-шаралар жоспары барлық спорт түрлерін өткізуді көздеген,сыртта қалған адам болған жоқ.
Спорттың қай түрін алып қарасақ та ,барлығы да денсаулыққа пайдалы.
Жеңіл атлетика,волейбол,баскетбол ,қозғалмалы ойындар,футбол,армреслинг-осының барлығы оқушылардың қайраттылығын,күш-жігерін сынақтан өткізді..
Біздің жас суретшілеріміз Денсаулық күніне арналған арнайы қабырға газеттер,сурет көрмесін ұйымдастырды.Көрмеде денсаулықты сақтау ережелері,пайдалы кеңестер,белгілі спортшылар туралы ақпарат болды.
Ал Денсаулық күнінің сәтті өтуін мектеп мұғалімдері мен оқушылар бірігіп түскен фотодан көруге болады.
Дене шынықтыру мұғалімдерімізге осындай тамаша күнді ұйымдастырып , өткізгендеріне алғысымызды білдіреміз!