23-26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай №14 мектепте арнайы іс-шаралар өткізілді.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі бұл шараларды өткізуге белсенді қатысты.
«Тіл-достықтың құралы» атты шығармашылық көрмеде 5-9 сынып оқушылары жазған ең үздік шығармалары тізіліп тұрды.7-8 сынып оқушылары орыс әдебиетінің классиктеріне байланысты баяндама дайындап ,көрермендер назарларына ұсынды.Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Мусатова Т.В жетекшлігімен мектеп оқушылары мерекенің шығу тарихы,жалпы тілдер туралы ақпаратты жинастырып ,бұл күнді ақпараттық шолу формасында өткізді.
Осыдан басқа да іс-шаралар тілдің құндылығын,маңыздылығын түсіндіру , тіл құдіретін насихаттау мақсатында өткізілді.Бұл іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларымыз алғыс хаттар мен мадақтау қағаздарына ие болды.